Еліміздегі онкологиялық скринингтер МӘМС-сіз де қолжетімді болады
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстанда онкоскринингтер сақтандыру мәртебесінсіз қолжетімді болады, деп хабарлайды Orda.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дәл осындай бұрын қолжетімсіз болған медициналық зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесіне көшеді.
Президент «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске енгізілген түзетулер шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, атап айтқанда, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау саласында, сондай-ақ мүгедектігі жоқ пациенттерді есту аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша маңызды шаралар іске асырылды.
«Онкологиялық ауруларға скринингтер МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесінің болуына қарамастан жүргізіледі. Зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесіне көшеді. Бұл дегеніңіз – Қазақстанның барлық азаматтары скринингтен өте алады деген сөз!» деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрліктің түсіндіруінше, сүт безі обырына скринингті 40-70 жастағы әйелдер әрбір екі жыл сайын (40, 42, 44... 70 жыл). Ол маммографияны екі проекцияда, одан әрі қажет болған жағдайда УДЗ, мақсатты маммографияны, биопсияны пайдалана отырып жүргізіледі.
Жатыр мойны обырына диагностикадан 30-70 жастағы әйелдер әрбір 4 жылда (30, 34, 38... 70 жаста) цитологиялық жағындыны алу жолымен (Папаниколау тесті), қажет болған жағдайда кольпоскопия, биопсия қолданылады.
50-70 жастағы ерлер мен әйелдер әрбір екі жыл сайын (50, 52, 54... 70 жаста) гемокульт-тест әдісімен (нәжістегі жасырын қанға талдау), нәтижесі оң болған жағдайда - бейнеколоноскопия және гистология.
Скринингтер бекітілген жері бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізіледі.
«Қабылданған шаралар халықты онкодиагностикамен қамтуды едәуір арттыруға, ауруларды ерте анықтау мен уақтылы емдеуді қамтамасыз етуге, яғни денсаулық пен өмірді сақтауға мүмкіндік береді», деп мәлімдеді ведомство.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қабылдаған бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ пациенттерді есту аппараттарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
Айта кетейік, түзетулер пакеті аясында «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізу қарастырылған. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, сондай-ақ онлайн-платформаларға беру арқылы жарнамалауға тыйым салынды.
Енді тек спорттық бағыттағы букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға рұқсат етілетін бұқаралық ақпарат құралдарының шеңбері тарылды.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салынды.
2023 жылы 218 мың қазақстандық онкологиялық ауруларымен есепке тіркелді, 12 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық