Елімізде соңғы қоңырауға қатысты салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр
Фото: gov.kz
Биыл елімізде соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтетін күн өзгерді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап Orda.kz.
«Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі.
Сондай-ақ барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз» деп жазылған министрлік хабарламасында.
Дәстүр бойынша 34 аптаға созылған оқу жылы аяқталды. Оның қорытындысын республика бойынша 3,9 миллионнан астам мектеп оқушылары шығарады. 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушылары бүгін алтын ұямен қоштасып жатыр.
Бүгін Алматы полициясы күшейтілген қызмет көрсетуге көшірілді.
Бұл туралы жергілікті полиция департаменті хабарлады. Күшейтілу жағдайы қала мектептерінде өтіп жатқан соңғы қоңырауға байланысты.
Департамент ата-аналарды және мерекеге қатысушыларды ұқыпты болуға, ережелерді сақтауға және балаларға қауіп төндірмеуге шақырды.
Хабарламада айтылғандай, қаланың негізгі алаңдарында, саябақтарда, скверлерде және азаматтардың жаппай демалу орындарында полицияның кешенді күштерінің қосымша нарядтары бақылауды күшейтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық