Елімізде маңызды екі құжатты ауыстырудың онлайн қызметі енгізіледі
Фото: Orda.kz
Елімізде мерзімі өткен жеке куәлік пен паспортты онлайн ауыстыруға болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандықтар жеке куәлігін онлайн ауыстыра алады. Елімізде пилоттық жоба іске қосылып жатыр. Ішкі істер министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұл процесті электронды үкімет порталы немесе мобильді қосымша арқылы іске асыруға мүмкіндік бар.
Пилоттық жоба 19 наурызға дейін талқыланып, 31 наурызға дейін жұмысын бастайды.
«Жоба «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңды іске асыру шеңберінде үдерісті жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды және жеке куәліктерді беру мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында әзірленді. Жобаның мақсаты – 2026 жылдың 1 наурызына дейін жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты жеке куәлік беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қолданыстағы тәртіпке балама ретінде онлайн форматқа көшіру» деп жазылған құжаттың түсіндірмесінде.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жобаны іске асыруға қаржы жұмсалмайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық