14 жастағы қызды зорлаған мектеп оқушысы: сот үкім шығарды
Фото: Pexels
Апелляциялық сот жас қызды зорлаған жігіттің сот шешімін қайта қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, Түркістан облысында 2 жыл бұрын 17 жастағы жігіт 14 жастағы мектеп оқушысын зорлап, өзін-өзі өлтіремін деп қорқытып келген. Бұл іс 2023 жылдан бері жалғасып келеді. «Не молчи» қоры жігітке үкім шыққанын хабарлады.
«Біз төрт күн бұрын барлық мәліметтерді жарияладық. Ол алдымен 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Содан кейін апелляциялық сот жігітті 2 жылға бас бостандығынан айырды. Жоғарғы сот апелляциялық соттың шешімін жойып, істі қайта қарады. Нәтижесінде 28 ақпанда сот барлық дәлелдемелерді, скриншоттарды, чаттарды, фотосуреттерді толық тексерді. Жігітті 7,5 жылға бас бостандығынан айырды» деп жазды қоғамдық қор.
Бұл жағдай Сайрам ауданында болған. 2022 жылы 17 жастағы 11-сынып оқушысы 7-сынып оқитын 14 жастағы қызбен кездеседі. Жігіт қызды пышақпен қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді. Кәмелет жасына толмаған қыз болған жағдайды біреуге айтуға қорқады. Жігіт асылып өлетінін, өліміне қызды кінәлап қолхат қалдыратынын, кейін оны түрмеге қамайтынын айтып қызды қорқытады. Бірнеше рет жігіт қызды қорқытып, азаптаған. Ол өзінің қолын кесіп, өміріне қауіп төндірген. Кейін жігіт өзін қыздың үйінде өлтіретінін, өліміне қыздың туыстары кінәлі болатынын айтып, қорқытуын тоқтатпаған.
2023 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін жігіт қызды тағы бірнеше рет зорлайды. Қыздың анасы бар жағдайды біліп қойып, бірден Сайрам ауданының полиция басқармасына арыз жазады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық