Елімізде Еуропа мен Азияны жалғайтын жаңа әуе бағыттарының көкжиегі кеңейе түседі
Фото: Pixabay
Биыл қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар ондаған жаңа халықаралық рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Orda.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып.
28 елге 121 авиамаршрут, аптасына 660 рейс — Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарының көкжиегі кеңейе түседі.
Биліктің пікірінше, маршруттардың ұлғаюы бағаның төмендеуіне ықпал етеді, қызмет көрсету сапасын жақсартады және жолаушылар үшін таңдау мүмкіндігі болады.
Мысалы, SCAT 2025 жылы Шымкент әуежайынан жаңа авиамаршруттар ашады:
• 27 мамырдан бастап - Будапештке (аптасына екі рейс) және Мюнхенге (үш рейс);
• 28 мамырдан бастап - Сиань (Қытай);
• 29 мамырдан бастап - Каир, Шанхай және Сеулге (аптасына екі рейс);
• 30 мамырдан бастап - Үрімшіге (екі рейс).
Air Astana бірнеше жаңа халықаралық рейстерді іске қосады:
• 30 наурыздан бастап - Алматы - Гуанчжоу (үш рейс) және Алматы - Нячанг (екі рейс);
• 31 наурыздан бастап - Астана - Нячанг.
Жаңа рейстер жоспарланды:
• 20 сәуірден бастап - Алматы - Мумбай (үш рейс);
• 14 мамырдан бастап - Астана - Дананг (екі рейс);
• 27 мамырдан бастап - Атырау - Тбилиси (үш рейс);
• 28 мамырдан бастап - Алматы - Ош (төрт рейс);
• 31 мамырдан бастап - Атырау - Баку (үш рейс);
• 1 маусымнан бастап - Алматы - Франкфурт (үш рейс);
• 4 маусымнан бастап - Алматы - Дананг (екі рейс).
Qazaq Air 1 мамырдан бастап Астана - Түркістан - Самарканд бағытын (аптасына екі рейс) ашады.
Fly Arystan жоспарлары:
• 18 мамырдан бастап - Алматы - Инин (Құлжа) рейсі (екі рейс);
• 4 маусымнан бастап - Қарағанды - Стамбұл рейсі (екі рейс)
Сондай-ақ Қазақстанға жаңа шетелдік авиакомпаниялар ұшатын болады:
• Eastar Jet (Корея): 7 сәуірден бастап - Сеул - Алматы (екі рейс), көктемгі-жазғы маусымнан бастап - Пусан - Алматы (екі рейс);
• TWay (Корея): көктемгі-жазғы маусымнан бастап - Сеул - Астана (екі рейс);
• Spice Jet (Үндістан): Дели - Алматы (төрт рейс);
• Air Cairo (Египет): 3 сәуірден бастап - Шарм-эль-Шейх - Қостанай (бір рейс), 13 сәуірден бастап - Хургада - Алматы (екі рейс);
• Thai Air Asia X (Таиланд): күзгі-жазғы маусымнан Бангкок пен Пхукеттен Алматыға рейстер.
Бұған дейін біз Қытаймен визасыз режим Қазақстанға туристер ағынын екі есеге арттырғаны туралы жазғанбыз.
Дегенмен 2023 жылы Алматыдағы Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросының баспасөз орталығында «Қытаймен визасыз режим тоқтатылсын!» дегенді талап еткен баспасөз маслихаты өтіп, бвизасыз режимді «құйтырқы әрекет» деп атап өткен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық