«Бұл құйтырқы әрекет»: Қоғам белсенділері Қытаймен визасыз режимге қарсы шықты
Бүгін, 25 сәуір күні Алматыдағы Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросының баспасөз орталығында «Қытаймен визасыз режим тоқтатылсын!» атты баспасөз маслихаты өтті.
Жиынға жазушы Совет-Хан Ғаббасов, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, қоғам белсендісі, желтоқсаншы Құдайшүкір Абдуллаев қатысты.

Марат Тоқашбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің құйтырқы әрекет екенін айтты.
«Бір қытай келген жерде Қытай кварталы пайда болады. Кейін мәдени орталықтары ашылады. Қазақстан үшін бұл қауіпті жағдай. Визасыз режим жарияланса, демографиялық жағдайымыз түбегейлі өзгеруі мүмкін. 20-30 жыл ішінде қытайландыру жүзеге асып кетеді. Визасыз режим құйтырқы әрекет. Қытайдағы қандастардың елге келуге мүмкіндігі жоқ. Олар қатаң бақылауда. Қазақ халқының саны 100 миллионға жетпей Қытаймен визасыз режим жариялауға рұқсат етпеу керек деп санаймын» деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай Халық Үкіметтерінің арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы қаулы жобасы жарияланды. Ашық НҚА порталына жарияланған заң жобасы қызу талқыға түсті.
Аталған құжат Қазақстан азаматтарының Қытай аумағында, Қытай азаматтарының Қазақстан аумағында 30 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүруіне мүмкіндік береді. Азаматтарға жеке және іскерлік сапарлар үшін визасыз режимге рұқсат беріледі.
Құжатқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрі Цинь Ган қол қояды деп жоспарланған.
Баспасөз мәслихатына қатысқан азаматтар жиын қорытындысы ретінде Президентке, Сыртқы істер министріне хат жолдайтындарын айтты.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық