Елімізде дерекқордағы жеке мәліметтерді оңды-солды қолданғандарға ірі айыппұл салынады
Фото: gov.kz
Қазақстанда мәліметтерді жасырып, хештеуді, сондай-ақ ақпарат таратумен күресу үшін базадан ақпаратты жаппай пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект министрі Жасұлан Мәдиев депутаттық сауалға жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасұлан Мәдиев Қазақстанда тексеріс жүргізіп, дербес деректер саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкінкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
Бұзушылықтар үшін 30-дан 2000 АЕК-ке дейін (130 мыңнан 8,6 миллион теңгеге дейін) айыппұл салу көзделген.
«Бұдан басқа, құзыретті министрлік жеке және заңды тұлғалардың дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өтініштерін, ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізуге уәкілетті» деп жазылған жауапта.
Ол сондай-ақ Қазақстанда биометрия және бетбейне арқылы тану жүйелерін ретке келтіру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл Сандық кодекс жобасында қарастырылған.
Құжатқа сәйкес биометриялық сәйкестендіру тек Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы жүргізіледі. Ол үшін жеке ережелер әзірленеді, онда биометрикалық деректер қалай жиналатыны, сақталатыны және жойылатыны жазылады.
Жасұлан Мәдиев автокөліктер арқылы дербес деректердің таралып кету қаупіне түсініктеме бере отырып, азаматтардың деректерін үшінші тұлғаларға немесе шетелге беру тек иесінің келісімімен ғана мүмкін болатынын түсіндірді.
Заң бойынша дербес деректер елде орналасқан серверлерде сақталуы тиіс. Деректерді елден тыс жерлерде беруге және сақтауға адамның келісімі болғанда және осындай деректер базасы Қазақстан аумағында да болған жағдайда ғана жол беріледі.
«Бүгінгі күні дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау мақсатында деректерді жасыру және хэштеу, сондай-ақ дербес деректері бар базалардан жаппай қолдануға заңнамалық тыйым салуды енгізу туралы мәселе пысықталуда, бұл азаматтардың деректерін үшінші тұлғаларға және шетелге беру мүмкіндігін болдырмауға ықпал етеді», - деді ол.
Біз бұған дейін хакерлер миллиондаған қазақстандықтардың, тіпті министрлердің жеке деректерін ұрлағаны туралы жазғанбыз.
Маусым айында киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар тарихта бұрын-соңды болмаған деректердің ғаламторда ең көп таралғанын мәлімдеді. Ғаламторға 16 миллиард логин және құпиясөз тарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық