Хакерлер миллиондаған қазақстандықтардың, тіпті министрлердің жеке деректерін ұрлады
Telegram-да Қазақстан азаматтарының жеке деректерін барлық ниет білдірушілерге тегін ұсынатын бот пайда болды. Интернетке «тараған ақпарат» арасында - Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев пен «Қазақтелекомның» басшысы Бағдат Мусиннің де дербес ақпараты бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәдиевтің, Мусиннің және басқа да миллиондаған қазақстандықтардың жеке деректерін желіден қиындықсыз табуға болатынын мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Facebookте мәлімдеді. Ол «бақылаусыз цифрландыру - игіліктен гөрі мәселе тудыратынын» баса айтып, Жасұлан Мәдиевтің Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты белсенді қолдағанын еске салды.
«Бот Қазақстан азаматтарына барлық жеке ақпаратты тегін таратады. Жоба Ресей Федерациясынан басқарылады, себебі онда көбіне Ресей азаматтары туралы ақпарат сұралады. Ашық қолжетімділікте - мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған барлық деректер, бәлкім, жүктелген eGov базасы да болуы мүмкін» деп жазды Мұрат Әбенов.
Депутаттың айтуынша, боттағы мәліметтер нақты уақыт режимінде жаңартылуда. Қазақстандықтардың туған күндері, ЖСН, мекен-жайлары мен телефондары, сондай-ақ олармен кім бірге тұратыны, кім қандай пәтер сатып алғаны және қандай автокөліктердің иесі екені туралы ақпарат бар.
«Тексеру үшін қазіргі (Жасұлан Мәдиев) және бұрынғы (Бағдат Мусин) Цифрландыру министрінің аты-жөнін жаздық. Толық деректер, eGov-да тіркелген ұялы телефон нөмірлері және отбасы мүшелерінің деректері шықты», - дейді Мұрат Әбенов.
Депутат атап өткендей, дерекқор шынайы көрінеді: онда өзекті телефон нөмірлері, мекенжайлар, тіпті балаларының байланыстары да бар. Соңғы рет ақпарат 2024 жылдың желтоқсанында жаңартылған. Осы орайда оны кім таратқан және ол қалай басқалардың қолына түскен деген сұрақ туындайды. Мәжілісменнің өзі бұл Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқа адамдардың деректерін баю үшін сатуға дайын жемқор шенеуніктердің ісі болуы мүмкін деп жобалайды.
Мұрат Әбенов ІІМ мен Бас прокуратура басшыларынан шұғыл шара қабылдап, тексеру жүргізуді сұрады.
Orda.kz редакциясы осы ақпаратты нақтылау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініне сұрау жіберді.
Бұл Қазақстандағы жеке деректердің жариялануына байланысты алғашқы жанжал емес. Бір ай бұрын ғана интернетте АИТВ жұқтырған алматылықтардың тізімі пайда болғаны белгілі.
ҚР Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін жеке деректер тарап кеткен жағдайда ел азаматтарының қайда хабарласуы керектігін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты