Елімізде бір аптада үш мың қылмыс тіркелді

cover

Бұл туралы ORDA. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдесіне сүйеніп хабарлады.

«Апта ішінде 3031 қылмыс тіркеліп, тәулік ішінде оның 1977-сінің беті ашылды», - деді ресми өкіл.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, құқық қорғаушылар кісі өлтіруге қатысты 10 қылмыстың, сондай-ақ адам өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі алты қылмысты ашқан.

Қарақшылық бойынша 2 және тонауға қатысты 29 қылмысқа, бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты 463 қылмысқа қатысты күдіктілерді тез арада анықтау мүмкін болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар