БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
Фото: Ақорда мұрағатынан
БАҚ саласы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсыным қабылдау басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі атынан президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
«Құрметті әріптестер!
БАҚ саласы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталды.
Жекелеген журналистер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады» деп жазды Смадияров.
Ерекше ескерерлік жайт, үміткерлерден 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Құжаттарды 2026 жылғы 10 маусымға дейін өткізуге болады.
Сыйлық пен грант алуға үміткерлерді, сондай-ақ Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды БАҚ, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Әрбір БАҚ, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы.
Сыйлықтар мен гранттарды алуға үміткерлердің және Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдардың өзін-өзі ұсынуына жол берілмейді. Бұған дейін грант иегері атанған тұлға сыйлық алу үшін кемінде бес жылдан кейін ұсынылады.
Грант жасы отыз бестен аспаған жас журналистерге беріледі.
Сыйлық немесе грант алуға бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жолданады.
Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
- сыйлық немесе грант алуға ұсынылған үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама;
- сыйлық немесе грант алуға ұсынылған үміткердің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;
- сыйлық немесе грант алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
- негізгі жарияланымдарының тізімі және олардың көшірмелері, аудио және (немесе) бейнематериалдар немесе сондай материалдардың интернет-сілтемелерінің тізімі.
- Алғыс жариялауға шығармашылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным.
Конкурсқа мән-маңызы жоғары негізгі жарияланымдар, аудио және (немесе) бейнематериалдар немесе сондай материалдардың интернет-сілтемелерінің тізімі ұсынылады.
Сыйлық, грант алуға және алғыс жариялауға ұсынылған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды. Кітап БАҚ саласындағы наградалар алуға ұсынылған материал ретінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады.
Мемлекет басшысы сыйлығын, грантын алуға және алғысын жариялауға ұсынымдарды қоғамдық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы А.Смадияровтың атына 2026 жылғы 10 маусымға дейін мына мекенжай бойынша:
010000, Астана қ., «Ақорда» резиденциясына жолдау қажет.
Қағаз түрінде жолданатын құжаттар пошта қызметі арқылы жоғарыда көрсетілген мекенжайға жіберіледі немесе «Үкімет үйі» ғимаратында (Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 6) орналасқан президент әкімшілігі жалпы бөлімінің қызметтік хат-хабар секторы арқылы жұмыс күндері сағ. 09:00-15:30 аралығында (түскі үзіліс сағ. 13:00-14:30), сенбі күні сағ. 10:00-11:00 аралығында қабылданады.
Мемлекеттік органдардың ұсынымдары электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы тек электрондық форматта ғана қабылданады, бұл қосымшалары электрондық тасымалдағыш (диск) арқылы жолданатын ұсынымдарға қатысы жоқ.
Байланыс нөмірлері:
Толық мәлімет үшін: +7 (7172) 74-45-83, 74-41-34, 74-40-51.
Құжаттарды қабылдау бойынша: +7 (7172) 74-57-10, 74-51-57
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық