«Екі жыл бойы қысым көрді»: Атыраудағы оқушы қызды пышақтауға мектептегі буллинг себеп болған
Фото: Ақ Жайық
Атыраудағы Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM мектебінде болған шабуылдан кейін ұсталған 9-сынып оқушысының анасы ұлы бірнеше жыл бойы сыныптастары тарапынан буллингке ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Оқушының анасы мұғалімдерге жасаған шағымдар нақты нәтиже бермегенін айтты.
13 наурызда 9-сынып оқушысы 8-сынып оқушысын өткір затпен жаралаған. Қыздың мойыны, кеуде тұсы мен қолы жарақаттанған. Дәрігерлер қызды реанимациядан хирургиялық бөлімге ауыстырды.
Баланың анасы ұлы BINOM мектебіне келгенге дейін қалыпты оқығанын және гуманитарлық пәндерге ерекше қызығушылық танытқанын айтады. 2023 жылы, 6-сыныпты бітіргеннен кейін ата-ана баласын BINOM-ға ауыстыруға шешім қабылдаған. Уақыт өте келе баланың мінез-құлқы өзгере бастаған. Кейін бала сыныптастарынан қысым көріп жүргенін айта бастаған.
Анасының айтуынша, қыздар оның сырт келбетін, жүрісін талқылайды екен. Уақыт өте келе буллинг тұрақты түрде жалғасқан. Сыныптастар оның сырт келбеті, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы және тері мәселелерін талқылаған.
Анасы мұғалімдер біле тұра жағдайға араласпағанына шағымданды. Қылмыс болмай тұрып ұлының денсаулығы да нашарлағанын айтты.
Отбасы баланы басқа сыныпқа немесе мектепке ауыстыру мүмкіндігін қарастырған. Бірақ ұлы қарсы болыпты. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде. Қазір 9- сынып оқушысы тергеу изоляторында отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық