Зейнеткерлерді миллиондаған несиеге «шырылдатқан» пошташы ұсталды
Фото: halyqline.kz
Қостанай облысында полицейлер қарт адамдарға алаяқтық жолмен несие және шағын несие рәсімдеген пошташының бірқатар алаяқтық әрекеттерін әшкереледі, - деп хабарлайды Orda.kz сайты Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, пошта қызметкері зейнеткерлерден хат немесе зейнетақы алғанын растау үшін суретке түсуді сұраған. Осыдан кейін мобильді қосымшалар арқылы оларға несие мен шағын несие рәсімдеп тастап отырған.
«Оның қылмыстық әрекеті салдарынан Қостанай облысының бес зейнеткері зардап шекті, мысалы, оның екеуіне 1 миллион теңгеден несие, ал қалғандарына шағын несие құжатталған», - деп хабарлады полиция.
Шығынды түсінбей, шырғалаңға тап болған сенгіш әрі көңілі таза қарттарға келтірілген жалпы шығын 2,3 миллион теңге болды.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында зейнеткер алаяқтардың жолына түсіп, оларға өз еркімен 100 миллион теңге беріп, екі аптаның ішінде депозитінен ақшасын алып, қылмыскерлердің шотына аударған.
Полиция осындай пошташының қолға түскені туралы бейнежазба таратты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық