Екі құрбысы ажал құшқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамай отыр
Фото: Бейнеден кадр
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайының адвокаты өліммен аяқталған жол апатына қатысты істі қосымша тергеуге қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Гүлайым Рахмонова өз кінәсін мойындамады және соттан өз ұстанымына түсіністікпен қарауды өтінді. Ол жақындарынан айырылғанын айтып, ауыр қайғыны бастан өткеріп жатқанын мәлімдеді.
Оның адвокаты сотта қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы өтінішхат берді. Адвокаттың айтуынша, көліктің төрт дөңгелегі де зақымданған. Сол үшін Гүлайым Рахмонова көлікке ие бола алмаған. Апаттың алдын алу мүмкіндігі болмапты. Сондықтан адвокат қосымша кешенді сараптама тағайындауды қажет деп санайды.
Мемлекеттік айыптаушы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу барысында әйел кінәсін мойындаған және барлық қажетті сараптамалар жүргізілген. Сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырмады. Спортшының жұбайы ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, босатылды.
Еске салсақ, былтыр жазда Жамбыл облысында Шавкат Рахмоновтың жұбайы басқарған көлік апатқа ұшырады. Гүлайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бара жатқан. Апат салдарынан Гүлайым Рахмонованың 39 және 35 жастағы құрбылары көз жұмды.
Биыл қаңтар айының соңында прокуратура іс сотқа жолданғанын хабарлады. Алдын ала тыңдау кеше, 16 ақпан күні өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық