Екі елдің басшысы Мәскеудегі болатын шеруден бас тартты
Фото: Prezident.az
9 мамыр күні Ресей астанасында өтетін шеруге Әзірбайжан президенті қатыспайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.
«Бізге ол Гейдар Әлиевке арналған ішкі іс-шараларға қатысатынын айтты», – деді Ушаков.
Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Светлана Журова Әлиевтің басқа шеруге қатысуы мүмкін екенін айтты.
«Біз бірден жаман ойламауымыз керек. Әлиев 9 мамырға байланысты өзінің шерулерін немесе іс-шараларын ұйымдастырғалы отырған шығар. Оның Әзірбайжанда болуы – елдегі патриоттық рухты көтеру үшін қажет».
Айта кетейік, Әзірбайжан президенті сияқты Лаос президенті Тхонглун Сисулит те бұл шараға бармайды.
Еске сала кетсек, 6 қаңтарда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL ұшағы жолаушыларының өліміне қатысты Ресей өкілдерін айыптап, батыл мәлімдеме жасаған еді. Ұшақ апаты 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алатын қаралы күн деп жариялады.
Ал Қазақстан жеңістің 80 жылдығына қызу дайындалып жатыр. Бұған дейін жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге 2,5 млрд теңге жұмсалатыны айтылды.
Сонымен қатар, Orda.kz Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандық достарын жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге шақырғаны жайлы жазған болатын. Ал Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Тоқаев «Ресейдің Украинадағы соғыста жеңілмейтінін» айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық