Егінді жайпап жатыр: БҚО шаруалары киіктердің санын реттеуді сұрады
Фото: ҚБСА
Шаруалар киіктердің егістікті жойып, егінді таптап, суды ластайтынына шағымданды, деп хабарлайды Orda.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Киіктерді тіпті электр қоршаулары да тежейто емес.
Адамдар миллиондаған шығынға ұшырап, кейбірі тіпті егіндерін тастап кетуге мәжбүр. Г ордасы, Жаңақала және Казталов аудандарының шаруашылықтары.
Бұл шаруалардың бірінші шағымы емес. 30 сәуірде шенеуніктер, фермерлер мен сарапшылар бұл мәселені тағы да дөңгелек үстел басында талқылады.
Облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, бүгінде өңірде төлін қоса алғанда екі миллионнан астам киік бар, алайда олардың саны 500-550 мыңнан аспауы тиіс.
Олардың саны 2024 жылы 1,6 миллионға жуық болған. Жануарлардың небәрі бес-алты жыл өмір сүретініне қарамастан , табиғи өлім-жітім киіктердің тез көбеюін тежей алмайды. Биыл 600-ге жуық өздігінен өліп қалған киіктің өлексесі жиналды. Бірақ осылай бақылау болмаса, инфекция таралып, жануарлардың жаппай қырылу ықтималдығы туындайды.
Бұдан басқа, жануарлар су тапшылығынан өздерінің бағдары мен мекендерін өзгертті. Ал олардың тым көп болғаны жерге әсер етпей қоймайды – жер құнары жоғалады.
Кездесу барысында киіктердің санын азайтып қана қоймай, фермерлерді шаруашылықтарды қалпына келтіруге қолдау көрсету ұсынылды. Керісінше болған жағдайда шаруалардың 60% -ға жуығы ауыл шаруашылығын жүргізуден бас тартып, басқа табыс көздерін іздей бастайды.
Билік шаруалардың ұсыныстарын қарап, мәселені шешу үшін шара қабылдауға уәде берді.
Былтыр Экология және табиға ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 10 ақпаннан бастап Қазақстан киік атуға қатаң тиым салынатынын мәлімдеді. Былтырғы сәуір айынан бастап Қазақстанда киіктерді атуға лицензия беру тоқтатылды.
Сондай-ақ, былтырғы жылы елімізде киіктерді әуесқойлық бағытта аулауды енгізу жоспары туралы айтылды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі басшысының айтуынша, мұндай шешім жұртшылықпен және аңшылық шаруашылық өкілдерімен талқылаудан кейін қабылданған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басында Оралдағы киіктердің санының артуына байланысты үкімет шектеулі мерзімге киіктерді атуды мақұлдаған болатын. Алайда бұл елдегі қоғамның теріс реакциясын тудырып, бағдарлама тез арада тоқтатылды.
Көптеген әңгіме тарады, соның ішінде жануарлар фермерлерге көп зиян келтірмейді, ал ату шын мәнінде Қытайға киік мүйізін сату үшін деген болжамдар айтылды.
2025 жылдың наурызында ғалымдар тағы да жануарлар санын реттеуді соның ішінде ату арқылы шектеу мүмкіндіктерін іздестіре бастады. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, шешім биыл қабылданады.
Өңірде болып жатқан оқиғаның болжамын бұрындары Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау қауымдастығының (ҚБСА) өкілдері айтқан болатын, олар бірнеше жылдан бері батыс Қазақстанда ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.
Орда 2023 жылы Атырау базарларында ақбөкен еті сатылып жатқаны туралы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық