Қазақстанда киік атуға тиым салынады
Фото: Ашық дереккөзден
Экология және табиға ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 10 ақпаннан бастап Қазақстан киік атуға қатаң тиым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Нысанбаевтың айтуынша киік ату отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылар кеңесі талқылауларынан кейін тоқтатылған.
«Қыста қозғалыс қиын. Сондықтан 10 ақпаннан бастап біз ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы жылды ескере отырып, биыл мамыр айында егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі», - деді экология министрлігі басшысы мәжіліс дәлізінде.
Экология министрінің болжамы бойынша көктемде ақбөкендер саны 40%-ға артуы мүмкін. Былтырғы популяцияны есептей келе олардың саны 2,5-2,6 млн бас болады.
Сондай-ақ, Ерлан Нысанбаев бұл күнде қалыптасқан жағдайды, халықтың жай-күйі мен Орал популяциясының күрт өсімін ескере отырып, жайылым азайып бара жатқанын айтты. Қазірдің өзінде жайылымдарға жабайы аң сыймай жатыр.
«Сондықтан біз тек биобелсенділік негізінде келесі жылы ақбөкендер популяциясын реттеу бойынша осы жұмысты жалғастырамыз. Мұны ресми түрде мәлімдеймін», - деді министр.
Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте киіктер Қазақстанда санын реттеуге жататын жануарлар тізіміне енген болатын. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрыққа былтыр қыркүйекте қол қойған еді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, киіктерден басқа, саны реттелетін жануарлар тізіміне қасқыр, шибөрі, қарға, жыланбас балық енді. Тізімдегі жануарлардың саны халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында реттелмек.
Бұйрық 2023 жылдың 6 қазанынан бастап қолданысқа енген.
Ал жақында экология және табиғатты қорғау министрлігі 2024 жылы киікті атуға әуесқойларға да рұқсат беру туралы мәселені қарап жатқанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық