Джеки Чанның Алматыға не үшін келгені белгілі болды
Фото: instagram/ jackiechan
Аңызға айналған актер, жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чанның Алматыға не үшін келгенін белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірі оны «Қайрат» — «Реал Мадрид» матчын көруге келді десе, енді бірі жеке сапар деп ойлаған. Енді әлемге әйгілі киножұлдыз Қазақстанда жаңа жобасын бастағалы жатқаны белгілі болды. Айта кетейік, Джеки Чан болашақ фильмге арналған түсірілім орындарын да таңдап қойған.
«Біз бірлескен ірі жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актер біздің командамызбен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады», деп хабарлады Salem Entertainment компаниясы.
Әзірге ресми ақпарат құпия сақталып отыр. Алайда сахна сыртында Джеки Чанның жабық өткен кешке қатысқаны белгілі болды. Кәсіпкер Таир Марасулов онымен төрт сағат бірге уақыт өткізгенін айтып, алған әсерімен бөлісті:
«Бұл кездесу мен үшін жай ғана жұлдызбен емес, аңызға айналған тұлғамен жүздесу болды. Миллиардтаған адамның кумирі саналатын Джеки Чанның 70 жастағы қайраты мен энергиясы таңғалдырады», – деді кәсіпкер.
Айта кетейік, Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев мас болып автокөлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық