Дженнифер Лопес Қазақстанға 400 млн теңге әкеледі – Үкімет
Фото: instagram/ jlo
Үкімет танымал әнші Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне 15 мыңға жуық турист келіп, мемлекеттік бюджетке 400 миллион теңге көлемінде салық түсетініне сенімді, деп хабарлайды Orda.kz.
Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес 1 тамызда «Астана Арена» стадионында өнер көрсетеді. «Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов бұл оқиғаны ел астанасының мәдени өміріндегі маңызды сәт деп атады.
Концерт коммерциялық негізде ұйымдастырылып, Астананы әлемдік А санатындағы жұлдыздардың гастрольдік картасына енгізеді.
«Шараға 15 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Бұл ел экономикасына елеулі әсер етеді. HoReCa секторы шамамен 6,5 миллиард теңге пайда табады, ал салық түсімі 400 миллион теңгеден асады», – деді Хасенов.
Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды концерттер Астананың мәдени және туристік тартымдылығын арттыруға жол ашатынына сенімді.
Премьер-министр Олжас Бектенов туризмнің экономикалық әлеуеті зор екенін және бұл сала ел дамуына тың серпін беруі тиіс екенін атап өтті.
«Қазақстанда туризмнің даму мүмкіндігі өте жоғары. Соңғы бес жылда туристер саны 7,5 есеге артты. Былтыр елімізге 15 миллионнан астам адам келді», – деді Бектенов.
Оның айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта халықаралық іс-шаралар тұрақты өтетін елге айналуы керек. Үкімет бұл бағытта барлық қажетті қолдау көрсетуге дайын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық