«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары»: Қазақстан садақшылары жүлделі болды
Фото: world nomad games
Қазақстан садақшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан қола және күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Orda.kz.
Ербол Тәпенов пен Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан өткен беделді жарыстың финалына шығып, «Қалқан» сайысында күміс пен қола медаль жеңіп алды.
Сайыстың финалы бүгін сағат 16:00-де «Арғымақ» ат-спорт кешенінде өтті.

Жарысқа 33 елден келген 180 спортшы қатысты, оның ішінде Қазақстан атынан 10 үздік садақшы ел намысын қорғады. «Қалқан» сайысында ерлер 60 метрден, әйелдер 50 метрден мергендігін көрсетті. Бұған дейін Айкөркем Батихан әйелдер арасында қола медаль жеңіп алса, Қасымхан Қанат пен Жәнібек Құлмырзаев «Пута» сайысында ерлер арасында қола мен алтын медальды иеленді.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы көкпардан АҚШ-ты ойсырата жеңген болатын. Енді құрама Қырғызстанмен сайысқа түседі.
Айта кетсек, Orda.kz жарыстың екінші күнінің қорытындысы жайлы жазған болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күнінде 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль алды.
Жаңалықтар
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды
- Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
- Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
- Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды — Трамп
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті