«14 алтын»: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының бүгінгі қорытындысы
Фото: world nomad games
Қазақстан ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнін 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен аяқтады, деп хабарлады Orda.kz.

Қазақ күресінен қатысқан 8 спортшының барлығы алтын медаль алды.
Ал жамбы атудан үш орынды да ұлттық құрама спортшылары иеленді.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен Жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақ спортшылары жеңіп алды. Батыр Бексауыт – алтынға, Айтбек Сарыбай күміс жүлдеге ие болса, қола медальді Ералхан Айкөз еншіледі.
Қазақстандық спортшылар аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде де алтын медаль алды. 60 келіде Ермек Құралбай, 70 келіде Алмат Ләтіпбек, 80 келіде Дарын Өткелбай жеңімпаз атанды.
«Арғымақ» ат-спорт кешенінде өткен дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында қос бірдей қазақстандық финалға шығып, Қасымхан Қанат қола медаль иеленсе, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль алды.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер әрқайсы төрт салмақ дәрежесінде сынға түсті. Әйелдер арасында 48 келіде Айжан Жылқыбаева, 52 келіде Назерке Азаматова, 56 келіде Рауза Нұрмахамбетова, 60 келіде Бақыт Құсақбаева алтын медаль алды. Ал ерлер арасында 55 келіде Бекжан Төлепов, 60 келіде Мейіржан Берекетов, 66 келіде Дидар Тұқышев, 74 келіде Жұмажан Қожамбеков алтын медальға ие болды.
«Алау» мұз айдыны сарайында кураштан, мас-рестлингтен және асық атудан бәсеке өтті. Кураштан қазақстандық 6 спортшы жүлдеге ие болды. 87 келі салмақта Альбина Бахиева алтын жүлде алса, 79 келі салмақта Ажар Салықова мен +100 келіде Марат Байқұмаров күміс жүлдені еншіледі. 81 келі салмақта Ерзат Арғынов, 81 келі салмақта Бекәділ Шаймерденов пен 87 келі салмақта Ұлболсын Әділова қола жүлде алды.
Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен ерлер арасында 65 келі салмақта Бірімжан Асылмұрат пен әйелдер арасында 55 келі салмақта Тахмина Қожамбердиева қолда жүлде иеленді.
«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпардан іріктеу кезеңінде Қазақстан Өзбекстанды 16-0 есебімен жеңді.
Ал көкбөріден ұлттық құрама спортшылары АҚШ командасымен кездесіп, 18-0 есебімен айқын басым түсті.
Асық ату мен тоғызқұмалақтан да іріктеу жарыстары өтті.
Еске сала кетсек, Orda.kz «Астана Арена» стадионында бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылғаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық