«Думанның соңғы сөзі»: 20 рет соты болған Думан не деді?
Фото: Orda.kz
Бүгін «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» айыптары тағылған Думан Мұхаммедкәрімге қатысты Қонаев қалалық сотында жиырмасыншы жабық сот отырысы өтті. Онда Думан Мұхаммедкәрім өзінің соңғы сөзін айтты.
Orda.kz тілшісі осы сотқа арнайы барып қайтты.
Думан Мұхаммедкәрімді қолдап жиналған жұрт қарасы көп болды. Олар Думанға бостандық талап етіп келген болатын. Адвокат сот отырысына қатысып шығып, сөз сөйлегеннен кейін, белсенділер мен жиналған жұрт ертеңгі сот отырысын күтуге келісті. Белсенді Абзал Достиярды сот отырысы басталмай тұрып полиция қызметкерлері алып кетті.
«Бүгінгі сот отырысында Думан өзінің соңғы сөзін айтты. Соңғы сөзінде ол тағылған айыптарды жоққа шығарып, мойындамайтынын айтты. Кінәсінің дәлелденбегендігін, өзінің ешқандай заң бұзушылық жасамағанын айтып, наразылығын білдірді. Заңсыздықты мойындамайтынын айтты. Сондықтан осымен сот аяқталды. Ертең кешкі сағат алтыда үкімді жариялайды. Сотқа біз сұрақ қойдық. Үкімді жариялау ашық бола ма, жабық бола ма, деп сұрадық. Бізге хатшы қосымша жауап беретінін айтты», — деді Думан Мұхамедкәрімнің адвокаты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Думан Мұхамедкәрімнің сотына қатысты баспасөз мәслихаты өткен болатын.
Жаңалықтар
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл