«Думанның соңғы сөзі»: Прокурор 7 жылға соттауды сұрады
Қонаев қаласындағы сотта саяси тұтқын, журналист және «Ne deidi?» youtube арнасының авторы Думан Мұхамедкәрімге қатысты жабық сот отырысы болып жатыр. Прокурор Думан Мұхамедкәрімді 7 жылға бас бостандығынан айыруды және 3 жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды сұрады.
Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өзінің facebook парақшасында жариялады.
Думан Мұхамедкәрімге 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылды.
Думан Мұхамедкәрім 2023 жылдың маусым айынан бастап уақытша қамауда отырған болатын. Оған Мұхтар Әбіләзовтан сұхбат алғаны және бейбіт шерулерге шақырғаны үшін экстремистік ұйымға қатысты және оны қаржыландырды деген айып тағылып отыр.
Сот отырысына оның туыстары мен азаматтық белсенділер келіп, Мұхамедкәрімге қолдау көрсетіп, оны босатуды талап етті.
Бақытжан Төреғожина Думан Мұхамедкәрім келесі сотта соңғы шешуші сөзін сөйлейтінін айтты.
«Келесі отырыс 1 тамыз күні сағат 15:00-де өтеді, онда Мұхамедкәрім соңғы сөзін айтады», — деді Бақытжан Төреғожина.
Еске сала кетейік, Orda.kz Думан Мұхамедкәрімді жақындары мен белсенділер шулап жүріп ауруханаға жеткізгені жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық