ДСМ медициналық орталық басшыларын қарызы үшін жазаламақшы
Қазақстанның медициналық ұйымдарында қомақты қарыз жиналып қалған. 400-ден астам медициналық ұйымның жалпы кредиторлық берешегі 82 млрд теңгеге жеткен.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл мәселені тез арада шешу қажеттігін айтты.
«Қазіргі жағдайдың себебі – тарифтерді белгілеу жүйесінің жетілдірілмегендігі, медициналық көмек көлемін анықтау және оларды аумақтық бөлу бойынша ашықтық жоқ»,- деді Әлназарова министрлік алқасында.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек көлемін, шығындарды және тарифтік саясатты жоспарлау функцияларын қайтарады. Ал медициналық ұйымдардың басшыларына өз мекемелерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тапсырылды, өйтпеген күнде олар жазаланады.
«Кредиторлық берешектің қалыптасуы мен өсуіне жол берген медициналық ұйымдардың бірінші басшыларын 2023 жылы тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тартуды тапсырамын»,- деп қосты министр.
Сонымен қатар, бірінші жартыжылдықта босаған қаражатты басым бағыттар бойынша оңтайландыру және қайта бөлу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жаңалықтар
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады