«ДНҚ сараптамасы»: Экс-депутат Қилыбайды баланың әкесі екенін мойындату үшін сотқа жүгінді
Фото: Oda.kz
Маңғыстау облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайды сотқа берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралып жатыр. Сондықтан отырыс жабық өтті.
Наурызова ДНҚ сараптамасын тағайындауды сұрап, Қилыбайдан азаматтық некеден туған ұлын заң жүзінде мойындауын талап етіп отыр.
Наурызованың айтуынша, ол 2022 жылы қазіргі әкім Нұрдәулет Қилыбайдан ұл туған. Бұл туралы ол алғаш рет 2023 жылдың соңында мәлімдеді. Жақында мемлекет басшысына бейнеүндеу жолдап, қудалаудан қорғауын сұрады.
«Менің ұлымның әкесі – Маңғыстау облысының әкімі Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы. Мен көп қиындық көрдім. Соған қарамастан ешкімге тіс жармадым, бәріне шыдап келдім. Себебі Нұрдәулет Игілікұлына баламның әкесі ретінде сендім. Алайда қазір Қилыбай мені қорқытып, түрлі әрекеттерге барып жатыр. Бір жылдан астам уақыттан бері осының бәріне төзіп келемін. Себебі мен тек оның балама өз тегін беруін, онымен қарым-қатынас орнатып, әкелік міндетін атқаруын сұрадым», – деді ол үндеуінде.
Наурызова әкімнің баланы мойындаудан бас тартып, ешқандай жауапкершілік алмай отырғанын айтады. Сондай-ақ үндеуінен кейін түрлі қысым мен қоқан-лоқыға ұшырағанын жеткізді.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті Наурызоваға қатысты Қылмыстық кодекстің «жала жабу» бабы бойынша арыз түскенін растады. Шағымды облыс әкімінің аппаратының басшысы Мәлік Әбдіқадыров түсірген. Қазіргі таңда іс сотқа жолданған.
Нұрдәулет Қилыбай бұл мәселеге қатысты 2024 жылдың желтоқсанында өткен брифингте пікір білдіріп, Наурызова айтқан мәліметтерді жоққа шығарды.
«Жарқырап тұрғанның бәрі алтын емес. Әлеуметтік желілерде жазылғанның бәрі шындық емес. Сіз айтқан нәрселерге келсек, әрине, мен оларды өзім бақылап отырмаймын. Бірақ қызмет бабына байланысты әріптестерім көрсетіп тұрады. Өзім туралы айтылғандардың кейбірімен келісемін, кейбірімен жартылай, ал кейбірімен мүлде келіспеймін», – деді ол.
Ынташ Наурызова – VI кеңесінде Маңғыстау облыстық мәслихатына Жаңаөзен қаласынан сайланған депутат. Қазір өзінің жалғызбасты ана екенін айтып, «әділдік пен заң алдында қорған іздеп жүрген әйел» ретінде ашық мәлімдемелер жасап жүр.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты