«Қысым көрсетіп, қорқытады»: экс-депутат Маңғыстау облысының әкімінен некесіз баласы барын мәлімдеп, Тоқаевқа жүгінді
Фото: Ынташ Наурызованың әлеуметтік желісі
Маңғыстау облысының тұрғыны өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан туған ұлы барын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзін әкімнің ықпалынан қорғауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ынташ Наурызованың айтуынша, ол 2022 жылы қазіргі облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбайдан ұл босанған. Алайда әкім баласын мойындаудан бас тартып, әйелге қысым көрсете бастаған.
«Ұлымның әкесі – Маңғыстау облысының әкімі Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы. Қанша қиындық көрсем де, балама әкелік танытады деген үмітпен үндемей келдім. Тек оның тегін беріп, әкелік міндетін атқаруын сұрағаным үшін, енді маған қысым көрсетіп, қорқытып жатыр. Бұл жағдайға бір жылдан бері төзіп келемін», – деді Наурызова өз үндеуінде.


Оның айтуынша, бейтаныс адамдар оны қорқытуды жалғастырып жатыр. Ол бірнеше рет жергілікті құқық қорғау органдарына шағымданғанымен, арыздары жауапсыз қалған.
Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті Orda.kz сауалына берген жауабында Ынташ Наурызоваға қатысты «жала жабу» бабы бойынша арыз түскенін растады. Бұл шағымды облыс әкімі аппаратының басшысы Мәлік Әбдіқадыров түсірген. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданған.

2024 жылдың желтоқсанында өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте әкім Қилыбай Наурызованың мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, айтылғандарды жоққа шығарды.
«Жылтырағанның бәрі алтын емес. Әлеуметтік желіде жазылғанның бәрі шындық емес. Оның ішінде сіз келтірген ақпарат та бар. Кейбірін мойындаймын, бірақ көбіне үзілді-кесілді келіспеймін», – деді ол.
Ашық деректерге сүйенсек, Ынташ Наурызова бұған дейін Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық