«Өшпес полк» жайлы жалған ақпараттар: Журналистеріміз бен шенеуніктерге кім қастық жасап жүр?
Коллаж: Orda.kz
«Өшпес полк» акциясы осы жылы Семей қаласында өтеді. Ал Қазақстанның басқа өңірлері бұл туралы әлі де жақ ашпады. Алайда бұл акция туралы шыққан жалған ақпарат үшін қазір дау болып жатыр. Шенеуніктер ғана емес, журналистердің, соның ішінде Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың да басы дауға қалды.
18 сәуір күні қалалардағы «Өшпес полк» акциясының болатыны туралы жазған едік. Фейк ақпараттар сол кезде-ақ өріп жүрген еді. Жалған ақпараттың алғашқы құрбаны — СҚО (Солтүстік Қазақстан облысы) әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов болды. Оның шеруге шығуға шақырғаны туралы бейнежазбасы әлеуметтік желіде пайда болды. Бірнеше күн өткен соң, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың да дәл осындай бейнежазбасы тарады.
Осыдан кейін «Өшпес полк» туралы жалған ақпараттар құмырсқадай құжынап кетті. Әлеуметтік желіде фейк ақпараттар әкімнің қатысумен ғана шектеліп қалмай, тіпті Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің де шақырғаны туралы жалған бейне тарай бастаған. Соңғы күндері жалған ақпараттар атақты журналистерге де кесірін тигізді.
Мәселен, журналист Әсем Жәпішева өзінің телеграм-арнасына өз бейнесін пайдалана отырып жасалған фейк бейнежазбаны жариялады.
Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы, Shyndyq.kz порталының редакторы Ғазиза Райымбекті және журналист Вадим Борейко мен Динара Сәтжан басқаша шабуылға тап болды. Мессенджерлерде 9 мамыр күні «Өшпес полк» акциясына қатысу туралы шақырту хабарламалар тараған. Ал ұйымдастырушы ретінде сол хабарламалардың астына жоғарыда аталған журналистердің нөмірін қалдырған.




Сондай-ақ, Ғазиза Райымбек осы акцияға қатысады деп жазылған. Қатысудың ақылы болған себебін ұйымдастырушылар төлеу үшін емес, келген адамдарға сыйлық беретіндерін мәлімдеді.
«Маған түрлі сұрақтармен адамдар хабарласты: «Сіз «Өшпес полк» акциясын ұйымдастырып жатсыз ба?», «менің соғысқа қатысқан атамның суреті бар еді» деп айтқан түрлі адамдар қоңырау шалды. Мен хабарласқандарға ешқандай да акция өткізіп жатпағанымды айттым. Алайда менің нөмірім шақыртуда жазылып тұрған соң, барлық Астананың чаттарында таралып жатыр. Мен полицияға арыз жаздым және менің бұған қатысымның жоқ екенін айттым. Кейін мен нөмірімді ауыстырып тастадым, өйткені қоңыраулар тоқтаусыз келе берді», – деді Ғазиза Райымбекова Orda.kz тілшісіне.
Дипфейк таратушылар тағы бір айла-шарғы қолдана бастады. Осы жолы хабарлама жіберуден басқа, журналистердің порталында жарияланғандай етіп, жалған ақпарат жазды.

Қысқасы, бұл шабуылды кім ұйымдастырғаны туралы ешкім білмейді. Бұл туралы пікірлер де әртүрлі. Мәселен Әсем Жәпішева өзінің телеграм-арнасында бұл шабуылды Ресей жасап отырғаны туралы жазды.
«Ресейлік пропаганда тіпті күдерін үзген сияқты ғой. Ешкімнің бұл шараға келгісі жоқ», – деді Әсем Жәпішева
Келесі кезекте біз екінші тарап Анастасия Ахметовадан пікір алдық. Өзінің ресейшіл ұстанымымен танымал блогер осыдан бірнеше күн бұрын өзінің инстаграм парақшасында Қазақстан билігінен «Өшпес полкты» қолдауын сұраған бейне жариялаған болатын.
Ахметова жалған ақпаратты былай түсіндірді:
«Менің ойымша, бұл Батыс ҮЕҰ шетелдік агенттерінің ісі болуы мүмкін. Өйткені қазір биліктің «Өшпес полкке» шығатындарды қамаумен қорқытатыны жөнінде жалған ақпараттар тарап жатыр. Әрине, мұндай қауіптер жоқ. Өйткені билік бұл акцияға тыйым салды деген сыбыстар да бар. Бірақ нақты тыйым салғаны туралы да ақпарат жоқ. Арандатушылықты алдын алу үшін оны онлайн режимде өткізуге ұсыныстар болған. Мұндай жағдайда жалған ақпараттар да тарайды ғой. Сондай-ақ, кейбір ресейліктер «Өшпес полкқа» кіретіндерге рубльмен ақша төлеуге дайын деген сыбыстар да бар. Бұл шеруге 2019 жылы 170 мың адам өз еркімен шыққан еді», – деді Ахметова.
Анастасия Ахметова «Жалған ақпараттардың таралуын өзіне жасалған шабуыл деп санай ма?» деген сұраққа олай ойламайтынын айтты. Оның пікірінше, бұл Қазақстандағы «Өшпес полкты» өткізуді жақтайтындарға жасалған шабуыл. Ал Ғазиза Райымбек болса, бұл іске ешкімді кінәламайды. Бірақ акция Қазақстанның ішінде ұйымдастырылуы екіталай деп есептейтінін жеткізді.
«Бұл істі біреу қаржыландырып отырғаны айдан анық. Бұған біреудің ақшасы да, ресурстары да бар. Біздің құқық қорғау органдарының бұл мәселемен айналысып, бұл шабуылды әшкерелеп, тоқтатқанын қалаймын», – деді Райымбек.
Сонымен қатар, оның пікірінше, медиа жайлы саралап отыратын, көзі ашық адамдар мұндай жалған ақпараттарға сенбейді.
Егер «ажалсыз полк» туралы ақпараттар нақты жазылса, жалған ақпараттар аз болатын еді. Біз Алматы қаласының әкімдігі бір апта ішінде акцияға қатысты жауап беретінін жазған болатынбыз. Ал әкімдік бізге бүгін ғана жауап берді. Әкімдіктің баспасөз қызметінде олар әлі күнге дейін акция туралы ештеңе білмейтінін айтты. Ол өзі болатын дүние ме? Болатын болса, қалай өтеді? Бұл әзірге беймәлім.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық