Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
Фото: Әлеуметтік желіден
Ақтөбелік емші әрі сынықшы Бағдагүл Лепесоваға қатысты әкімшілік іс аяқталып, сот оны жала жапқаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімі бойынша оған 1 миллион 557 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс әлеуметтік желідегі тікелей эфирден кейін қозғалған. Лепесова эфир барысында шоу-бизнес өкілдері туралы бірқатар пікір айтқан. Көпшілік оның сөздері тележүргізуші Динара Сәтжан мен продюсер Баян Алагөзоваға қатысты деп қабылдаған.
Даудан кейін Динара Сәтжан құқықтық жолмен әрекет ететінін мәлімдеді. Шілде айында оның Бағдагүл Лепесоваға қатысты сотқа талап арыз бергені белгілі болды. Астанада іс бойынша алғашқы сот отырысы да өткен.
Бағдагүл Лепесова әлеуметтік желілерде сынықшы әрі емші ретінде танымал. Оның тікелей эфирдегі мәлімдемелері бұған дейін де бірнеше рет қоғам назарын аударған болатын.
2026 жылдың мамыр айында Лепесова Динара Сәтжанға қатысты өткір пікір білдірген. Бұған жауап ретінде тележүргізуші емшінің қызметіне қатысты бірқатар сұрақ көтеріп, оның ақылы қызметтерінің заңдылығын, салық төлеу мәселесін және адам емдеуге қажетті рұқсатының бар-жоғын тексеруді сұраған.
Продюсер Баян Алагөзова да Лепесованың әлеуметтік желідегі мәлімдемелеріне наразылық білдіріп, өзі және басқа адамдар туралы жалған ақпарат таратылғанын айтқан. Ол мәселені заңгерлері арқылы шешетінін әлеуметтік желіде мәлімдеген.
Осыдан кейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Лепесованың қаржылық аударымдарына қатысты тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды. Ведомство сол кезде тиісті мониторинг жүргізіліп жатқанын растаған.
Лепесова өзіне тағылған айыппен келіспей, әлеуметтік желіде айтылған сөздерге қатысты өз ұстанымын қорғаған. Ол тараған видеолардың монтаждалған болуы немесе жасанды интеллект көмегімен жасалуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Алайда сот ұсынылған дәлелдерді бағалай келе, оның әрекетін жала жабу ретінде таныған. Осыған байланысты 1 миллион 557 мың теңге әкімшілік айыппұл тағайындалған.
Айта кетейік, әлеуметтік желідегі жарияланымдар үшін жауапкершілік мәселесі Қазақстанда бұған дейін де сот тәжірибесінде қаралған.
Мәселен, 2026 жылғы маусымда Шымкентте TikTok арқылы басқа азаматтың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәлімет таратқан әйелге 778 500 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сот оның кінәсін тараптардың түсініктемелерімен, іс материалдарымен, фото-бейнежазбалармен және сарапшы қорытындысымен дәлелдеген.
Енді Бағдагүл Лепесоваға қатысты Астанада «Қорлау» бабы бойынша бөлек қылмыстық іс те тексеріліп жатқаны белгілі болды.
Біз бұған дейін «жезөкше» дегені үшін жауап бересің деп ашуланған Динара Сәтжан ақтөбелік емшіге қатысты полицияға шағым түсіргенін жазғанбыз. Оның артынша Баян Алагөзова да бұл іске көз жұма салмай, құқық қорғау органдарына арызданатынын айтты.
Ал Динара Сәтжан бұған дейін сөз бостандығы әр адамның конституциялық құқығы екенін, алайда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі тиіс екенін айтқан. Оның пікірінше, әлеуметтік желідегі дау-дамайды емес, мұндай мәселелерді заң аясында шешу қажет.
Осылайша, әлеуметтік желідегі тікелей эфирден басталған дау сот талқылауына ұласып, жала жабу бойынша ірі көлемде әкімшілік айыппұл салумен аяқталды.
Ал оған қатысты өзге құқықтық тексерулер нәтижесі әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық