Дін атын жамылып 13 жасар Айшаны некесіз зорлағандар кімдер?
Фото: Бейнежазбадан кадр
13 жасында жыныстық зорлық-зомбылық көрген Айша есімді қыз діни радикалдардың былығын ортаға жайып салды. Бұны адвокат Айгүл Орынбек YouTube-те жариялады.
Orda.kz тілшісі оған хабарласып қыздың қазіргі жағдайын сұраған болатын.
Әуелі қыздың жағдайы жайлы айта кетсек. Айша есімді қыз 13 жасында Жеңісбек деген ер адаммен танысып, онымен араласа бастайды. Жеңісбек Айшаның ата-анасына «қыз кәмелет жасқа толғанға дейін менің үйімде тұруы керек» деп айтып, оны өзімен бірге алып кетеді. Үйіне алып барған соң, ол Айшаны зорлаған. Бір қызығы, араларында ешқандай неке қиылмаған. Жеңісбек Айшаны тыр жалаңаш күйінде бейнежазба мен суретке түсіріп, интернетке таратамын деп қорқытып, оны 2021 жылға дейін үйінде қамап ұстайды.
Қапасқа қамалған балалық шақ
«Біз көппіз. Жеңісбек мені 7-сынып оқып жүргенде алып кетті. Мектепке де бармадым. Паранжа киген соң, мектеп мені қабылдамады. Кейін Жеңісбек басқа мектепке ауыстырып, 9-сыныпты сырттай аяқтадым. Жеңісбек мектепке ақша беріп отырды. Ол өзі туралы ештеңе айтпайтын. Тек білетінім — автобус жүргізушісі екені. Бір күні Жеңісбек менің құрбымды үйге алып келіп, онымен жыныстық қатынасқа түсті. Бізді ешкіммен араластырмайтын. Өзі кеткенде, есікті сыртынан бекітіп кететін», — деді Айша.
Құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі
Оның айтуынша, Жеңісбек оған қорлық көрсетіп, денесінде із қалдырмай ұратын болған. Айша 2021 жылы ата-әжесінің үйіне қашып кеткен. Сол жерде алдынан екінші күйеуі — басқа бір сәләфит шығып, соған тұрмысқа шығады.
«Мен ол кісіге үшінші әйел болып шықтым. Екі айдан кейін сәләфит күйеуім бесінші әйелін алды. Бірақ түсінбеушілік туындаған соң, оны бөлек шығарды. Бірақ екі айдан кейін біз ажырасып кеттік. Жеңісбек келіп, сәләфит күйеуіме менің сурет-бейнежазбаларымды көрсетіп, мені өзінің әйелі деп айтқан соң, мені қайтадан Жеңісбекке бере салды», — деді Айша.
Айша Жеңісбектің үстінен құзырлы органдарға арыз жазған. Бірақ Жеңісбекке бір-екі сұрақ қойып, бостандыққа жібере салған.
Адвокаттың қолдауы және қоғамдық қозғалыс
Бұл оқиғаны жарыққа шығарып, Айшаға көмектесіп жүрген адвокат Айгүл Орынбектен сұхбат алдық.
«Қазіргі таңда Айшамен мамандар жұмыс істеп жатыр. Айтқан сөздері шындыққа жанасады. Оған көмектесу үшін еліміздің әр түкпірінен түрлі танымал мамандар хабарласып жатыр. Қазір қызды басқа орталыққа ауыстырдық. Оның қайда екенін айта алмаймыз. Қылмыстық іс қозғалды. Айша паранжасын қазір шешті», — деді адвокат Айгүл Орынбек.
Сонымен қатар, Айшамен Сириядан келген адамдармен жұмыс істейтін психологтар да айналысып жатыр.
«Психологтар мен теологтар жұмыс істеп жатыр. Теологтар айтқан соң, оны орталыққа апардым. Бұл баламен шұғыл түрде психологтар жұмыс істеуі керек деген соң, оны оқшаулап, орталыққа апардық. Оған нағыз мамандар өз бағасын берді», — деді адвокат Айгүл Орынбек.
Адвокаттың айтуынша, кәмелетке толмаған қаншама қыздар никаб киіп, мектепке бармай жүр. Осындай зорлық-зомбылыққа көбіне білімсіздік құрбаны болған қыздар тап болады.
«Жоғары жақ осы мәселені білсін деген оймен мен оны түсіріп алдым. Қазір дәл Айша ғана емес, басқа да осындай жағдайға тап болған қыздар бар. Мысалы, Сарыағашта 10-11 сыныпта тек 5-ақ оқушы оқыған кездер болған. Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша жоғары, бірақ осындай жасырын әрекеттер көп. Төменгі жақтан жоғарыға жалған статистика беріліп отыр. Бұл мәселені министрлікке дейін жеткіздім», — деді адвокат Айгүл Орынбек.
Orda.kz редакциясы осы оқиға арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді, әсіресе діни экстремизм мен зорлық-зомбылық тақырыптарын одан әрі зерттеп, жариялауды жалғастырады. Біздің мақсатымыз — әділдік пен шындықты қорғау, осындай жағдайларға қоғам назарын аудару. Айшаның оқиғасы сияқты мәселелерді ашып көрсету арқылы, біз болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу жолында жұмыс істейтін боламыз.
Еске сала кетсек, соңғы кездері атышулы Дарын Мүбаров журналистерге сұхбат беріп, дін жайлы, дәстүр жайлы сөз қозғап жүр. Orda.kz мүфтиятқа арнайы сауал жолдап, мұсылмандарға оны тыңдауға болатыны, я болмайтыны жайлы мәселені анықтап көрді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық