Дикий Арманды 20 жылға қамаған судьяның лауазымы жоғарылады
Фото: sud.kz
Дикий Арманның ісін қараған судья Асхат Әшірбеков Қазақстан Республикасының Әскери сотының сот алқасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Асхат Әшірбеков 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша Дикий Арман деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты даулы қылмыстық істі қарады. Сот үкімі 2025 жылдың 27 қаңтарында жарияланды. Сот Дикий Арманды 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Асхат Әшірбеков 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген, Қарағанды ІІМ академиясын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты. 2002 жылдан бастап Қарағанды облысының ішкі істер органдарында түрлі офицерлік лауазымдарда жұмыс істеген.
2018 жылдың қазан айында Асхат Әшірбеков Алматы қалалық сотының судьясы болып тағайындалды. Екі жылдан кейін ол Алматы қаласындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болды.
Еске сала кетсек, Қаңтар оқиғасы бойынша басты айыпталушылардың бірі болған Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталған еді.
Ал Жұмагелдиев Orda.kz-ке берген сұхбатында ешкімді ешқайда апармағанын, «ұстаған» адамдардың барлығын ҰҚК қызметкеріне тапсырғанын мәлімдеген. Бірақ сот бұл нұсқамен келіспеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық