Депутат Жигули Дайрабаевтың екі ұлына үкім шықты
Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, өздері бес жыл сынақ мерзімін алды.
Тараз қаласының № 2 соты төрт тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарады. Оларға алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшерде жасаған бөтеннің мүлкін ұрлады немесе бөтеннің мүлкіне құқықты иемденді деген айып тағылды.
«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев, кәсіпкерлер Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев, сондай-ақ кәсіпкер Елібай Елжан субсидиялау ережелерін бұзып, сатып алынған «Альбион» құлпынай тұқымына мемлекеттен субсидия алып, олардың бір бөлігі алаяқтық жолмен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалып, сол арқылы мемлекетке 550 849 430 теңге залал келтіргені анықталды» деді сот.
Айыпталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, бейнежазбалармен, сараптама қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады.
Үкім шығару кезінде сот Құлкеевтің кәсіби антын бұзуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп тапты. Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайға ол соттылығының жоқтығын, өзі мен депутат ұлдарының ішінде жас балалардың болуын түсіндірді.
«Сот үкімі бойынша К. кінәлі деп танылып, жасаған қылмыстарының жиынтығы бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Елібай Елжанға – мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Молдақалық пен Дайрабаевқа – Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, шартты түрде, пробациялық бақылау белгілеумен, сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айырылды» деп хабарланды Жамбыл облыстық соты сайтында.
Жаңалықтар
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі жаңарды
- Президент едегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді
- Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»
- «Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
- Кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсететіндер ұсталды
- 368 млн теңгенің плиткасы: Павлодарда скверді жөндеу сметасынан күмәнді шығын шықты
- ІІМ дрон операторларын оқытып, әуеден әрекет етуге дайындайды
- Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақмола облысында 221 млн теңге табысқа кенелген заңсыз вейп саудасы тоқтатылды
- Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды
- Қатарда зауытта жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шегіп,18 жұмысшы жоғалып кеткен
- Екі күнде 19 медаль: Еліміздің спортшылары халықаралық аренада шеберлігін дәлелдеді
- АҚШ пен Иран мәмілесі: 60 күн ішінде келісімге келу жоспары бекітілді
- Астана маңындағы жол апатынан екі жол талғамайтын көлік өртеніп, бес адам қаза тапты