Депутаттың ұлы түрмеге қамалуы мүмкін: Тұрлыхановтың ұлы жайлы
Фото: Youtube-тағы бейнеден кадр
Депутат Дәулет Тұрлыханов тағы да даудың ортасында қалды. Бұл жолы оның ұлы Нұрасыл Болат арнайы бақылау уақытын бұзып, сыртта жүргені үшін түрмеге жіберілуі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін мәжіліс дәліздерінің бірінде Тұрлыханов ұлының тәртіпсіздіктері жайлы журналистерге пікірін айтты. Ол Нұрасылды жақсы, тәрбиелі жігіт ретінде сипаттады.
«Неге бұлай болып жатқанын түсінбеймін. Менің ұлымның соңына түсіп алған. Оның жасы небәрі 21-де. Егер оның психикалық денсаулығына зиян келсе, оған кім жауап береді? Менің ұлым өте жақсы және тәрбиелі бала. Достарымен араласуға немесе туған күнге баруға болмай ма?» — деді депутат.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында заңгер ерлі-зайыптыларды, Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын. Оқиға өткен жылдың ақпанында Алматыдағы бір мейрамханада болды. Ол кезде Нұрасыл Болат әскери борышын өтеп жатқан бөлімшесінен 350 шақырым жерде болған.
Еске сала кетсек, жанжалдан соң қазақстардықтар депутат Тұрлыхановтың қызметтен кетуін талап еткен болатын. Алайда ол мандатынан бас тартпайтынын, «халық өзін жақсы көретінін» айтқан еді.
Жаңалықтар
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды