«Халық мені жақсы көреді»: Депутат Тұрлыхановтың ұлы тағы да жанжалдың ортасында
Фото: Бейнеден кадр
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат тағы да жанжалдың ортасында қалды.
Адвокат Анна Чернова әлеуметтік желілерде Нұрасыл Болаттың Алматыда түнде мейрамханада жүрген бейнежазбасын жариялады.
Бұл бейнежазбада Нұрасыл Болаттың Жоғарғы соттың екі жыл бостандығын шектеу туралы үкімін орындамай, көшеде жүргені көрінеді. Үкімге сәйкес Нұрасыл пробациялық бақылауда болуға тиіс. Оның тіркеуі Астанада. Бейнежазбада оның қызға қол көтергені айтылды.
«Қаншама заң бұзушылық бар?!. ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне менің сұрағым бар. Қалайша мұндай жағдай болып жатыр? Бұл біздің елде үкімдер ішінара таңдалып орындалатынын тағы да көрсетіп тұр. Комитет қызметкерлеріне және депутаттың ұлына қатысты алдын ала тергеу бастауды сұраймын» деп жазды Анна Чернова.
Оқиға 2024 жылдың 14 ақпанында Алматыдағы бір мейрамханада болды. Заңгерлер Анна мен Олег Черновтар зорлық-зомбылыққа ұшыраған қызға көмек көрсетпек болғанда, Нұрасыл Болат оларға да қол көтерген. Ол кезде Нұрасыл Болат борышын өтеп жатқан бөлімшесінен 350 шақырым жерде болған.
Еске сала кетсек, жанжалдан соң қазақстардықтар депутат Тұрлыхановтың қызметтен кетуін талап еткен болатын. Алайда ол мандатынан бас тартпайтынын айтып, «халық өзін жақсы көретінін» айтқан еді.
Orda.kz құқықтық-атқару жүйесі комитетінен ресми түсініктеме күтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық