Депутаттың күйеуі зорлық жасаған оқушы тағы да жүкті болып қалды
Фото: Orda.kz
2022 жылы Жаңатас аудандық мәслихат депутатының күйеуі 12 жасар мектеп оқушысын зорлады. Бұл оқиға 2023 жылы жалпақ жұртқа белгілі болып, жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Orda.kz.
2022 жылы анасы қызын интернатқа орналастырған. Интернат басшылығы жүкті қыздың жағдайын жасыру үшін түсік ұйымдастырған. Алайда бұл туралы қыздың анасына хабар бермеген.
Сол кезде бірнеше қылмыстық іс қозғалып, депутаттың күйеуімен қоса алты адам сотталған.
Өткен жылы 55 жастағы ер адам зорлық жасағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін мектеп-интернаттың директоры сот алдында жауапқа тартылып, оған екі жыл түрмеде отыру жазасы берілді. Оның орынбасары, медбике және психолог үш жыл мерзімге қатаң шектеуге, ал түсік жасаған акушер бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Оларды «жүктілікті заңсыз тоқтату», «аса ауыр қылмысты хабарламау», «қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру» және «көмек көрсету» айыбы бойынша кінәлі деп таныды.
Зардап шеккен қызды кейін Тараздағы көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернатқа орналастырған. Көрсетілгендей, енді ол облыстық орталықта болғандықтан қатаң бақылауда болуы тиіс еді.
Алайда қыздың жақында қайтадан жүкті болғаны белгілі болды.
Кәмелетке толмаған қыз қазіргі кезде шамамен жүктіліктің сегізінші айында. Баланың әкесі туралы ақпарат жоқ.
Қыз акушерлік есепке қойылғандықтан, Жамбыл облысындағы интернат пен басқа уәкілетті органдар бұл жағдайды біледі және барынша жасырып отыр. Олар бұған дейінгі Жаңатас интернатының басшылары сияқты жазаланудан қорқып отыруы мүмкін.
Еске салар болсық, Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы құрдасынан жүкті болып қалды. Байзақ ауданының Бурыл ауылында 14 жастағы оқушы қыздың жүктілігін алғаш анасы байқапты. Ол дереу қызын УДЗ-ге апарады. Сол жерде жүктілік расталған. Ал құрсақтағы сәбидің әкесі 14 жастағы жасөспірім болып шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық