Депутаттар есірткі саудасына қатысқан шенеуніктерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-арнасында есірткі бизнесіне қатысы бар шенеуніктерді өмір бойына жазалау туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды Orda.kz.
22 қарашада Мәжілістегі «Аманат» партиясы фракциясы отырысында депутаттар есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерін қараған болатын.
Талқылаудың негізгі тақырыбы есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушыларға жазаны қатайту бөлігінде осы саладағы заңнаманы қайта қарау болды.
«Депутаттар өндірушілерге жазаны қатайтуға дауыс берді, алайда, қоғамды қылмыстан қорғауы тиіс адамдардың есірткі бизнесіне араласуы одан да күрделі мәселе. Сондықтан біз қызмет бабын пайдаланып, ресурстар мен ақпаратқа қол жеткізе отырып, есірткінің заңсыз айналымына қатысқан шенеуніктерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы норманы ұсындық. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, мұндай әрекеттерге барынша қатаң жаза қолдану керек», - деп есептейді депутат.
Ол ел Президенті есірткі бизнесі мен есірткі бизнесіне қарсы ымырасыз және дәйекті күрес жүргізіп жатқанын айтты.
«Қоғамға төніп тұрған ауыр қауіпті жоюға бағытталған нашақорлықпен күресудің кешенді жоспары бекітіліп, басқа да шаралар атқарылуда», - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.
Orda.kz бұған дейін оңай табыс іздеген жастарымыздың амалсыздықтан есірткі таратушыға айналып бара жатқандығы туралы зерттеу мақала жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- Энергетика министрлігі екі өңірде автогаз тапшылығы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
- Алматыда курьер тыйым салынған вейп тасып жүргенін білмеген
- ӘЧ-2026: Месси жаңа рекорд орнатты
- Венесуэладағы жер сілкінісі: Құрбандар саны 1,4 мыңға жетті
- Ормуз бұғазындағы қауіп күшейді
- Сербия президенті Александр Вучич қызметтен кететінін мәлімдеді
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады