Депутат Сайыров Пәкістандағы қазақтарды елге көшіру керегін айтып, үндеу жасады
Фото: Пәкістандағы қазақтар, Хамид Уллах Жорабай
Депутат Ерлан Сайыров Пәкістандағы қазақтарды елге қайтару мақсатында премьер-министр Олжас Бектенов пен сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге үндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутат өзіне Пәкістаннан Хамид Уллах Жорабай есімді қазақ хабарласқанын айтты. Олар бірнеше жыл бұрын Ауғанстаннан босып келгенін, Пәкістанда тұрақтағанын, енді елге, Қазақстанға қайта алмай отырғанын айтқан.
Хамид Уллах Жорабай елшілікке де барып жәрдем сұраған. Елшіліктегілер уәде бергенімен әлі күнге қазақтарды көшіре алмай келеді екен.
«Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар. Бірақ олардың айтуынша, қандастарымыздың қолында «қазақ» деген анықтама жоқ. Ол құжатты алу үшін қайтадан Ауғанстанға оралу қажет екен. Егер олар Ауғанстан жеріне қайтатын болса, көретін күні тозақ болатыны сөзсіз», – деді депутат.
Ерлан Сайыров Бектенов пен сыртқы істер министріне қандастарға қол ұшын беру керектігін айтып, үндеу жолдады.
«Оларды Қазақстанға көшіріп әкелуге мүмкіндік болмаса, онда бұл мәселені БҰҰ-ның алдына қою керек», — деді депутат.
Айта кетейік, атажұрттан алыстаған Пәкістандағы қазақтардың қиын тағдыры туралы Orda.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық