Депутат Қайрат Сатыбалдының бостандыққа шығуы жайлы сөз қозғады
Фото: parlam.kz
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының активтерін қайтару туралы ақпаратқа күмән келтірді. Ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға немесе рақымшылық жасауға дайындап жатыр деп ойлайды.
Бұл туралы Ермұрат Бапи facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
«Оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға дайындап жатыр ма, әлде таза рақымшылық жасап жатыр ма? Ұрланған мүлкін өз еркімен қайтарғаны жақсы. Бірақ бұл мүліктердің ел қазынасына түсетіні қаншалықты рас? Көрсетілген ресми сандарға сенеміз бе, әлде себейміз бе, оны тек болжау ғана қалды. Себебі қайтарылған активтер 100 пайыз жинақталған мемлекеттік компанияға қоғамдық бақылау жоқ», — дейді Бапи.
Сонымен қатар, Бас прокуратураның мәліметінше Қайрат Сатыбалды активтерді қайтару комитетімен өз кінәсін ерікті түрде мойындап, заңсыз жолмен алынған тағы 50 миллиард теңгеден астам мүлікті қайтару туралы процессуалдық келісімге қол қойғаны бүгін мәлім болды.
Сондай-ақ, алдағы уақытта тағы 33 миллиардқа жуық активтерді қайтару жоспарлануда. Бұл Сатыбалдының өзіне және жақын адамдарына тиесілі шетелдегі мүліктер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалды мемлекетке 1,6 млрд АҚШ доллардан астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық