Талдықорғанда үй өртеніп, төрт бала мен анасы жансақтау бөліміне түсіп, әкесі қайтыс болды
Бейнежазбадан скриншот
31 желтоқсан күні таңға жуық газ-ауа қоспасы себебінен Талдықорған қаласының үшінші бөліміндегі жекеменшік екі қабатты үйде жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Мұнда көпбалалы және тату Бекпаевтар отбасы: күйеуі, әйелі және олардың төрт баласы тұрды. Өткен жылдың соңғы күні үй мен отбасының дүние-мүлкі түгелдей жанып кетті.
Өрт кезінде үлкен балалар кішілерді құтқаруға тырысқан, олардың арасында демалыста қонақ болып келген кішкентай қыз да бар. Ересектер мен балалар ауыр күйік алып ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр.
Отағасы мен әйелінің денелерінің 98 пайызын күйік шалған. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан Ерлан қайтыс болды, Данияның жағдайы өте ауыр.
Ерланның анасы Қазақстан халқына үндеу жолдады.
«Ешкімді сөкпеңіздер, кінәлілерді іздемеңіз. Біз қорқынышты қайғыны бастан өткеріп жатырмыз. Бізге тек сіздердің түсіністік пен қолдауларыңыз маңызды», — деді Күләш апай.
Өрт салдарынан әкесінен, баспанасынан, дүние-мүлкінен айырылған Бекпаевтар отбасына билік пен қайырымды жандардың қолдауы қажет. Бейнені мына жерден қараңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық