«Дәрігердің өмірі-200 мың теңге»: Гинекологқа шабуыл жасаған науқастың соты елдің ызасына тиді
Фото: instagram/ dr.aigerimmuratovna
Желіде бір топ дәрігерлер гинекологқа шабуыл жасаған науқасқа тағылған айыпты жеңіл санап, аппеляциялық сот шешімімен келіспеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, әлеуметтік желіде науқастан зәбір көрген дәрігердің видеосы тарады. Жәбірленуші 2024 жылдың қараша айында әріптесі екеуіне науқастың шабуыл жасағанын айтты. Дәрігердің сөзінше, науқас өзіне қойылған диагнозға көңілі толмаған. Ашуға ерік берген ол кабинеттегі компьютердің мониторын сындырып, дәрігерлерге шабуыл жасаған. Науқас медицина қызметкерін телефонмен ұрып, салдарынан көзінің үстіңгі қабағын жарып жіберген.
Жәбірленушінің айтуынша, науқастың шабуылына қатысты сот процесі өткен. Әйел кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ моральдық шығын үшін 200 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Жәбірленуші сот шешіміне келіспей, аппеляциялық сотқа жүгінді. Алайда шешім өзгеріссіз қалды.
«Әріптестер, бүгін біз апелляциялық соттың таңқаларлық шешімін алдық. Жұмыс орнында шабуылдың құрбаны болған гинекологқа әділетсіздік жасалды. Сот дәрігердің қорлығын 200 мың теңгеге бағалады. Ал 80 сағаттық түзету жұмыстары қылмыстық құқық бұзушылық үшін әділ жаза ма? Сотталушы «дәрігер кінәлі» деп отыр. Бірақ дәрігердің оның жағдайына түк қатысы жоқ. Әйелдің өзі түсік тастап келген. Кейін кінәліні іздей бастады», - дейді дәрігерлер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық