Түркістан облысында жігіт 14 жастағы қызды зорлап, өліп аламын деп қорқытқан
Фото: Envato
Түркістан облысы Сайрам ауданында жігіт мектеп оқушысын бірнеше рет зорлаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «Не молчи» қоры мәлімдеді. Бұл жағдай 2 жыл бұрын болған. 2022 жылы 17 жастағы 11-сынып оқушысы 7-сынып оқитын 14 жастағы қызбен кездеседі. Жігіт қызды пышақпен қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді. Кәмелет жасына толмаған қыз болған жағдайды біреуге айтуға қорқады. Жігіт асылып өлетінін, өліміне қызды кінәлап қолхат қалдыратынын, кейін оны түрмеге қамайтынын айтып қызды қорқытады. Бірнеше рет жігіт қызды қорқытып, азаптаған. Ол өзінің қолын кесіп, өміріне қауіп төндірген. Кейін жігіт өзін қыздың үйінде өлтіретінін, өліміне қыздың туыстары кінәлі болатынын айтып, қорқытуын тоқтатпаған.
2023 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін жігіт қызды тағы бірнеше рет зорлайды. Қыздың анасы бар жағдайды біледі. Кейін бірден Сайрам ауданының полиция басқармасына арыз жазады. Алайда сот әлі күнге дейін жалғасып келеді. Жігіт әлі күнге дейін бостандықта жүр.
«Не молчи» қоры жоғарғы соттан осы мәселені біржақты етуді сұрады. Қордың мәліметінше, қыз осы жылы мектеп бітіреді екен. Ал жігіт жауапкершілікке тартылуға тиіс ересек адам.
Жаңалықтар
- Сарыағашта арнайы есепке ілінген жүздеген адам жүргізуші куәлігінен айырылды
- Астананың бір көшесі жыл соңына дейін жабық болады
- «Ежелгі дәуірден бүгінге дейін»: Ел тарихын баяндайтын жеті томдық академиялық еңбек дайын
- Air Astana-дағы миллиардтық ұрлық: Апелляция үкімді өзгертпеді
- Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қосылады
- Қытайда тау беткейі опырылып, сегіз адам қаза тапты
- Жыл соңына дейін теңізге 1,2 миллиард текше метр су құйылады: Арал қалпына келе ме?
- Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың радарлары мен ұшақтарына соққы жасады
- 19 шілдеден бастап Қазақстанда бірыңғай QR-код іске қосылады
- «Қайрат» клубы мәлімдеме жасады: Канье Уэсттің концерті келісілмеген
- Не себепті Қазақстан банктері зейнеткерлерге несие беру рәсімін күрделендірді?
- Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысып, сөз сөйледі
- Есет Байкен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды
- Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен кетті
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты