Дариға Бадықова күйеуі мен Жылқышыбайдың үстінен арыз жазды
Фото: бейнеден кадр
Белгілі қоғам белсендісі әрі Дариғаның заңды өкілі Айгүл Орынбек журналистердің бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін құқық қорғау органдарына ресми арыз жолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында бала асырып алғандары жайлы айтқан. Айгүл Орынбектің айтуынша, бұл отбасылық құпияны бұзу – тек әдепсіздік емес, ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) және 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғу) бойынша нақты қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.
«Күйеуі мұны білмеуі мүмкін, бірақ журналистердің заңнан бейхабар болуы мүмкін емес. Мен Дариғаны көп жылдан бері жақсы танимын. Ажырасу кезеңінде қандай қиындықтардан өткенін де білемін. Сондықтан оның заңды мүддесін қорғаушы өкілі ретінде, Жылқышыбай мен Дарханның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арызды Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне ресми түрде жолдаймын», – деді ол.
Сонымен қатар, ол бұл жағдайды жеке адамның ар-намысын қорғау мәселесімен қатар, қоғамдағы журналистік этика мен заң үстемдігіне сынақ деп бағалады.
«Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын медиа заңнамасын қатаң сақтауға, жеке тұлғалардың жеке өміріне қол сұқпауға шақырамын. Журналист – ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін адам. Сондықтан рейтингі үшін біреудің тағдырын талқыға салу – кәсіби абыройға көлеңке түсіреді», – деді ол
Айта кетейік, атақты әнші Тамара Асардың жолдасының бірінші некесінен туған ұлы Әлішер қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық