Дархан Қыдырәлі: БАҚ, сериалдар мен компьютерлік ойындар жастар арасындағы қатігездікке ықпал етуде
Фото: senate.parla.kz
Сенатор Дархан Қыдырәлі Талғардағы жасөспірімнің өлімі мен соған ұқсас қатігездіктің қоғамда көбеюі, жастар арасындағы агрессияның артуы мен бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, сериалдар және компьютерлік ойындар арқылы насихатталатын зорлық-зомбылықтың салдары екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«2023 жылы мектеп оқушыларының топтық төбелесінен бір адам қаза тапты. Алматыда ересек адамды көңіл көтеру үшін сабап кетті. Зайсанда қыздардың төбелесі болды. Ал Қызылордадағы қызды зорлау оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Талғардағы бір бөтелке сыра үшін болған жантүршігерлік оқиға бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Анасы қайғыдан қан жұтып отыр. Демек, адамның өмірі ештеңеге тұрмайды екен», – деді депутаттық сауалын оқыған сенатор.
Сонымен қатар, Қыдырәлі осы мәселеге қатысты зерттеулер қажет деп санайды. Оның айтуынша, күш көрсетуді дәріптеу, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал сериалдар арқылы агрессияны насихаттау және басқа да формалар, сөзсіз, қатігездікті күшейтеді. Әлеуметтік желілер арқылы кең таралатын ойындар жастардың бойында агрессия қалыптастырады.
Сондай-ақ, оның сөзінше, жастар саясаты басқармасы тек 3 облыста ғана бар. Қалған 15 облыста бұл құрылымдар қысқартылған. Түркістан облысында жастар халықтың 40 %-ын құрайды, бірақ бұл мәселемен тек 3 қызметкер ғана айналысады.
«Айлық 70 мың теңге болғандықтан жастар ресурстық орталықтарында білікті қызметкерлер ұзақ жұмыс істемейді. Көптеген өңірлерде орталықтардың өз базасы жоқ, республика деңгейінде барлық жасты біріктіретін ұйымдар жоқтың қасы», – деп қосты ол.
Дау тудырған бұл қылмысқа сенатор, Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Қожаев та пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанда заңдар онсыз да жеткілікті қатаң. Ол зорлық-зомбылық мәселесін одан әрі қатаңдату арқылы шешу мүмкін емес деп есептейді.
16 жастағы Шерзат Полаттың қатыгездікпен өлтірілуі, оның туыстары мен достарының Талғарда бұзақылар тобы тарапынан соққыға жығылуы және осыдан кейін марқұмның жақындарының митингісі Қазақстанды дүрліктірді.
Оқиға жаңа мәліметтермен, пікірлермен, болжамдармен және сыбыстармен толығуда. Әлеуметтік желілердегі жергілікті пабликтерде пікірлер қарша борауда. Қаза болған жігіттің туыстары тікелей эфир арқылы қылмысты әділ тергеуді талап етіп жатыр. Orda.kz тілшісі оқиға орнында болып, зардап шеккендермен сөйлескен еді.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады