Данияда АҚШ-қа қарсы жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр
Фото: REUTERS / Emil Helms
Данияның бірқатар қалаларында АҚШ-тың Гренландияға қатысты талаптарына қарсы ауқымды наразылық акциялары өтуде. Наразылық білдірушілер, соның ішінде, ел астанасы Копенгагенде де жиналды, деп хабарлайды Orda.kz даттың TV2 телеарнасына сілтеме жасап.
«Ольборг, Орхус, Оденсе және Копенгаген қалаларында Гренландияны қолдауға арналған жаппай демонстрациялар өтіп жаты. Копенгагендегі ратуша алдындағы алаңға өте көп адам жиналды» деп жазылған хабарламада.
Телеарнаның мәліметінше, жиналған адамдардың саны соншалық — оларды нақты есептеу мүмкін емес. Копенгагендегі ратуша алдындағы алаң толықтай наразылық білдірушілерге толған. Шеруге қатысушылар Гренландия туын көтеріп «Қолыңды тарт!» және «Ынтымақтастық!» деген жазуы бар плакаттар ұстап шыққан.
Копенгагенде Дания және Гренландия көшбасшыларымен кездесуге келген АҚШ делегациясы бар. Делегация басшысы, сенатор Крис Кунс баспасөз конференциясында АҚШ Дания мен НАТО-ны «бірге жасаған барлық істер үшін» құрметтейтінін мәлімдеді.
«Мен Дания корольдігінің халқы Америка халқына деген сенімінен бас тартпайды деп үміттенемін», - деді Кунс.
Гренландия Дания корольдігінің құрамына кіреді. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп бұл арал АҚШ-тың бір бөлігі болуы тиіс екенін бірнеше рет мәлімдеген. Дания мен Гренландия билігі Вашингтонды аралды басып алудан сақтандырып, өздерінің аумақтық тұтастығына құрмет көрсетілуін күтетінін атап өтті.
Еске салсақ, НАТО-ның аралдағы тұрақты миссиясын барлайтын әскери топ Гренландияға келді.
Делегация құрамында - 15 әскери қызметші: ӘӘК, ӘТК және құрлық әскерлерінің өкілдері, сондай-ақ логистер мен авиатасымалдар жөніндегі мамандар бар. Олармен бірге Нуук қаласына даниялық әскерилер келді. Ақпаратты Германия Қорғаныс министрлігі растады.
Миссияның негізгі міндеті - Гренландияда ірі оқу-жаттығуларды қайда және қандай форматта өткізуге болатынын бағалау. Ресми түрде әзірге НАТО-ның іс-шаралары туралы сөз жоқ, бірақ әскерилер бұдан да әрідегі мүмкіндіктерді зерттеуде.
Оқи отырыңыз:
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Оқ шығармай жаулау: Трамп Гренландияны сатып алғысы келеді
- Келесі кезекте — Мексика: Трамп есірткі картельдеріне қарсы күш қолдану операциясы туралы айтты
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық