Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді

cover Фото: kazfootball.kz

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңін сәтті бастап, өз алаңында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен ұтты. Ойынды тамашалауға 14 мың жанкүйер келді, деп хабарлайды Orda.kz.       

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі кездесуде «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңіп, маңызды ұпайға қол жеткізді.

Матч барысында алматылықтар сапынан Лукас Африко мен Марк Гуаль гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. «Қайрат» «Сутьесканы» матчтың соңғы минуттарында жеңді

Қарымта кездесу 15-інен 16 шілдеге қараған түні өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб келесі кезеңде кипрлық «Омониямен» кездеседі.

Егер «Қайрат» ұтылып қалса, еурокубоктағы жолын Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады. Бұл жағдайда Еуропа лигасына қатысу мүмкіндігі берілмейді.

Бірінші таймда Жоржиньо гол соққанымен, офсайдқа байланысты ол есепке алынған жоқ.

Екінші тайм гол соғатын сәттке бай болды. Матчтың 76-минутында алаң иелері сапынан Лукас Африко есеп ашты. Алайда қонақтар таразы басын теңестіріп, 90-минутта Марко Мрвалевич «Қайраттың» қақпасына гол соқты.

Дегенмен алматылықтар тең нәтижемен келісе салмай, қосымша уақытта Марк Гуаль жеңіс голын соғып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

Қарымта кездесу 16 шілдеде Никшич қаласындағы «Край Бистрице» стадионында өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар