«БҰҰ көрмесінен 270 млн жымқырды»: Прокурор Олжас Ағабекті 12 жылға соттауды сұрап отыр
Фото: Inform.kz
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тергеуі нәтижесінде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басқарма төрағасы Олжас Ағабеков ұсталған болатын. Прокурор оны 12 жыл бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Оны БҰҰ аясында Дубайда өткен халықаралық көрмеге қатысуға бөлінген 270 миллион теңге жымқырды деген күдікпен тергеді. Өткен жылдың 30 қарашасынан 12 желтоқсанына дейін өткен көрме енді үлкен жанжалға ұласып отыр. Антикор министрлік қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген болатын.
Айыптаушы тарап Олжас Ағабектің көрмеге арналған есеп-қисап шығындарын асыра бағаланғанын мәлімдейді. Есеп-қисап соңғы сомасы шамамен 330 миллион теңге болды. Есептегі сан іс жүзінде жұмсалған қаржыдан айтарлықтай асып түскен. Мысалы, есеп бойынша бейнероликтерге 16 миллион теңге жұмсау жоспарланған болса, іс жүзінде тек 3 миллион теңге ғана жұмсалды. Есеп-қисап бірнеше рет Ағабековтың нұсқауымен түзетіліпті.
Сонымен қатар, Ағабековтың «Karabatan Utility Solutions» компаниясынан 35 миллион теңге көлемінде пара алғанын, алайда ешқандай кеңес беру қызметтерін көрсетпегені анықталды.
Прокурор Ағабековты мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды.
Еске сала кетейік, Orda.kz бұған дейін Олжас Ағабековтің ұсталғаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды