Бұрынғы мектеп директоры педофилия үшін 2,5 жылға сотталды
Фото: Бейнежазбадан кадр
54 жастағы Талғат Қатауов Түркістан облысында өткен сот үкімімен кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер» бойынша кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Ол бірнеше рет 6-дан 14 жасқа дейінгі бірнеше қыз балаға қатысты азғын әрекеттер жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Талғат Қатауов 2000 жылдардың ортасында Бөкейорда ауданында мектеп директоры қызметін атқарған. Ол мектеп оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін ұсталып, қызметінен қуылды.
2024 жылдың тамызында оның жиені оны зорлады деп айыптады. 15 жастағы жеткіншек анасына әкесінің ағасы Талғат Қатауовтың оны 9 жасынан бастап ата-анасы жоқ кезде бірнеше рет зорлағанын айтқан.
Полицейлер қыздың анасының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі «бірнеше рет жасалған зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қыз бірқатар психологиялық күйзеліске ұшырады. Жәбірленуші тарап ретінде тергеушілердің немқұрайлы әрекетіне анасы бірнеше рет шағым түсірген. Қаржылық қиындықтарға байланысты отбасы адвокаттың ақысын төлей алмады. Қорғауды мемлекет берген адвокат жүргізді. Желтоқсан айында осы іс бойынша полиция департаменті қылмыс белгілерінің болмауына байланысты Қатауовқа қатысты тергеуді тоқтатты.
Жаңалықтар
- ЕАЭО орнына: Мирзиёев Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біріктіруді ұсынды
- «Қазақ еліне +1 күйеу бала»: inDrive иесі Арсен Томский Камила Лұқпановаға үйленді
- «Байсерке аспаны – 2026»: Авиация фестивалі өтіп жатыр
- Қазақстандағы алғашқы крематорийге 100 күн: Қанша адам жүгінді?
- Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы зауыттар мен клининг саласында заңды жұмыс істей алады
- Қостанай облысында әкесі мен қызы Тобыл өзеніне батып қаза тапты
- ТЖМ қызметкерлері Есіл өзенін жүзіп өтпек болған адамды құтқарды
- Ми-8 тікұшағы апаты: БҚО-да төрт адамның қазасына себеп болған іс сотқа жетті
- Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі болады
- Көрерменсіз өткен ойын: «Қайрат» командасы «Ұлытауды» жеңді
- Оңтүстік Корея президенті КХДР-ге бейбіт келіссөз бастауды ұсынды
- Жаһандық экологияға қауіп: Оман мен Иран жағалауындағы мұнай төгінділері
- Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда
- Каньэ Уэст: Алматылықтар күткен әлемдік шоу
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер