Бұрынғы мемлекеттік қызметкер астаналықтарды 45 миллион теңгеге алдап кеткен
Сурет ашық дереккөзден
Бұрынғы мемлекеттік қызметкер астаналықтарды 45 миллион теңгеге алдаған, деп хабарлайды «Астана» ҚПД баспасөз қызметі.
Полицейлердің мәліметінше, Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы әйел ұсталды. Әйелдің Астана қаласының екі тұрғынының 45 миллион теңге қаржысын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды.
«Ол мемлекеттік органның бұрынғы қызметкері бола тұра және көптеген байланыстарына алға тарта отырып, елорда тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бойынша белгілі бір ақыға пәтер алуға көмектесуге уәде берген. Күдікті жәбірленушілерден сыйақыны бөліп-бөліп алып, жалпы сомасы 45 миллион теңгеге жеткен кезде байланысқа шықпай қойған. Сонымен бірге әйел оларға екі пәтер алатындарына кепілдік берген» деді баспасөз қызметі.
Күдікті қылмысын мойындап, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (ерекше ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша іс тергелуде. Сондай-ақ оның елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар екені анықталды.
Полицейлер атап өткендей, бұл қылмыс бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық