«Бұрын сотталған»: Шымкентте 2-сынып оқушысына тиіскен ер адам ұсталды
Фото: Envato
Шымкентте бұрын сотталған ер адамның оқушы қызға тиіскені белгілі болды. Бірақ бірінші сатыдағы сот оны қамауға алудан бас тартыпты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Шымкенттің тергеу сотында болған өрескел жағдай туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді.
Оның айтуынша, оқиға 24 сәуірде көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Сегіз жасар қызды қорлаған ер адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Ер адам екінші сынып оқушысының соңынан еріп, ол тұратын көпқабатты үйге кіріп, екінші және үшінші қабат арасында күтіп тұрған. Онымен сөйлесіп, белдемшесін көтеріп, іш киімін шешкен. Сосын анайы қылықтар жасаған» деп жазды адвокат.
Қыз қорқып, айқайлап жібереді. Ер адам қашып кетеді. Күдікті бұған дейін ұрлық, тонау қылмыстары үшін сотталған.
Адвокат күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Судья Қоңырбаевтың төрағалығымен Шымкент сотының апелляциялық алқасы тергеу соты қаулысының күшін жойып, күдіктіні қамауға алу туралы үкім шығарды» деп жазды заңгер.
Айта кетейік, Ақтөбе соты 16 жастағы оқушы қызға азғындық жасаған, екі бірдей ауыр айып тағылған ер адамға үкім шыққан еді. Оқушыға жыныстық әрекет жасаған отбасылы жігіт 16 жылға сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық