Ақтөбеде оқушыны зорлады деп айыпталған ер адам 16 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе соты 16 жастағы оқушы қызға азғындық жасаған, екі бірдей ауыр айып тағылған ер адамға үкім шығарды. Оқушыға жыныстық әрекет жасаған отбасылы жігіт сот залында жылап жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 25 жастағы жігітке үкім оқылды. Оқушы қызға жұмыс орнында зорлық көрсеткер ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазаны қауіпсіздігі орташа режимдегі түрмеде өтейді.
Іс бойынша сот отырысы жабық өтті. Сондықтан сотталушының жұмыс орны айтылмады. Жәбірленуші оқушының сотталушының жұмыс орнына қалай барғаны да жарияланған жоқ. Заңға сай үкімді оқу ашық түрде өтті.
Іс материалдарында оқушы қызға жасалған азғындық қылмыстық кодекстің «зорлау» және «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша қаралғаны айтылды.
Судья Алтынбек Сабыров сотталушыны ҚК-тің 121-бабы, 3-1-бөлігі 1-тармақ, 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармақ бойынша айыпты деп таныды. Оған түпкілікті 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Оған педагогика саласында, кәмелетке толмағандарға қатысты қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру үкімі шықты.
Сонымен қатар, сотталушыға жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге моральдық залал өндіруді міндеттеді. Сот тергеу кезінде заттай дәлел ретінде сақталған іш киім, юбка, қара сөмке, аяқ киім, футболка, қалпақ, капрон секілді жеке заттарды жоюды тапсырды. Сотталушының туыстары үкімге апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық