Болат Назарбаевтың серіктестеріне халықаралық іздеу жарияланды
Коллаж: Orda.kz
Ішкі істер министрлігі Данияр Әбдіғапаров пен Қанат Алмабекке халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл екі тұлғаның аты-жөні мен суреті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталындағы «қылмыскерлерді іздестіру» бөлімінде тұр.
Екі жыл бұрын Алматы облысының полиция департаменті Данияр Әбдіғапаров пен Қанат Алмабекке, тағы Жұмадин Патов пен Айдос Нұрқалиевке халықаралық іздеу жариялаған болатын. Shishkin like Telegram арнасының мәліметінше, ол жерде Қанат Алмабектің тегі Жақаев деп көрсетілген. Төртеуі де аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Прокурорлар күдіктілердің бұрынғы «Алтын Орда» басшылығының мүшелері болғанын және оларды іздестіру базар сатушыларының шағымына қатысты екенін атап өткен еді. Сатушылар павильоннан сауда орындарын алу үшін бұрынғы әкімшілікке қомақты қаражат төлегендерін айтады. Алайда ғимарат соңына дейін аяқталмай, адамдар орынсыз және ақшасыз қалған.
Ал қайта халықаралық іздеу жариялаудың себептері әлі айтылмады.
Айта кетейік, «Алтын Орда» базары шулы, даулы істерімен белгілі. Екі мыңыншы жылдардың басынан бастап қылмыстар, жанжалдар көп болған. Кейін оны тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев иеленгенін де БАҚ жарыса жазған болатын.
Алтын орда базары Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев басқаратын «KURYLYS LTD» компаниясына тиесілі екені қаңтар оқиғасынан кейін ғана белгілі болды. Басып алу, есірткімен ұсталу, алаяқтық сияқты түрлі қылмыстардың ордасына айналған базардың Youtube арнасындағы бейнежазбаларына қарасақ, қазіргі басшылары қайырымдылықпен айналысатын, атымтай-жомарт адамдар екен.
Orda.kz тілшілері базарға барып, мән-жайды анықтап қайтқан еді.
Жаңалықтар
- Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
- ӘЧ-2026: FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты
- Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
- Дархан Сатыбалды: Биыл 11 мыңнан астам мұқтаж азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады
- Президент Райымбек ауданы тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты
- Тоқаев Трамппен экономика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап, оны Қазақстанға шақырды
- Астанада төрт адамды балталап өлтірді деп айыпталған адамға мәжбүрлі ем тағайындалды
- Үш министрліктің бұйрығы: Қазақстан көші-қон саясатын қатаңдатады
- Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды