«Боди массажға баратын имам»: Журналист жұртты дүрліктірген жазба жариялады
Фото: Pixabay
Журналист Ораз Әлімбеков Facebook парақшасында Атырау қаласындағы «Құспан Молда» мешітінің имамы Эммат Ғұмаровтың үстінен арызданған тұрғындардың жазбасын жариялады. Жазбада молда шариғатқа қайшы әрекетке: жеңілтек қыздарға, боди массажға барып, былапыт сөз сөйлеп, темекі, насыбай, анаша шегеді. Сондай-ақ жазбада Эммат имамның сәләфизмнің таралуына ықпал етті деген айыптаулар бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист өз жазбасында мешіттің жамағатынан келген шағымды жариялап:
«Төмендегі арызда айтылған айыптаудың рас яки өтірігін білмедім. Мүфтият қалай да жамағаттың жанайқайына назар аударып, осы арыз бойынша тексеру жүргізуі тиіс. Себебі, мешіт имамын тағайындау Бас мүфтидің бұйрығы бойынша жүзеге асады. Ал менің қолымда тұрған не бар?!. Мен Ақиқат пен Әділдік іздеген жалаңаяқ журналистің бірімін ғой», — деді Әлімбеков.
Олардың айтуынша, Эммат Ғұмаровқа қарсы шара қолдану туралы бірнеше рет Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Өтпеновке арыз жазған. Алайда жамағат мүфтият еш шара қолданбады деп отыр:
«Біз, Атырау қаласы, «Құспан Молда» мешітінің жамағаты мешіт имамы Эммат Ғұмаровтың үстінен бас мүфти Наурызбай Өтпеновке қаншама рет арыздансақ та, осы уақытқа дейін оған байланысты ешқандай шара қолданылған емес. Себебі Эммат Ғұмаров өзіне лайықсыз, бірақ асыл дініміз арқылы пайда табатын мешіт мінберін сақтап қалу үшін мүфтият басшылығына Атыраудың бекіресімен қара уылдырығын ай сайын жіберіп тұрады. Одан қалса атыраулық кәсіпкерлер мен меценаттардың арқасында әбден байыды,соның арқасында үйір-үйір жылқысы,жүздеген түйе мен сиыр-қойы бар».
Бұдан бөлек, олар имамды Құранды қате оқып, діни білімі таяз деп айыптады. Шағымның ең сорақы тұсы – имамның моральдық қағидаларға қайшы өмір сүріп, жеңіл жүрісті әйелдердің қызметін пайдаланатыны туралы айыптаулар.
«Ең сорақысы тәнін сататын жеңілтек қыздарға барып,боди массаж жасатып,жыныстық қатынасқа түсетінін дүйім жамағат біледі. Дінімізде тиым салынған темекі, насыбай, анаша да шегеді. Өзі құдды бір имам емес, театрда қызмет жасайтын сайқымазақ секілді үнемі былапыт-көргенсіз анекдоттар айтады. Эммат Ғұмаров 30-жыл бойы елді сорлатып, сәләфизмнің Қазақстанда таралуына мүдделі Нұрсұлтан Назарбаевты үнемі мадақтауын тоқтатқан емес», – делінген жамағаттың хабарламасында.
Orda.kz бұл жазба туралы сұрастырып, мүфтиятқа хабарласты. Жауабын күтеміз.


Еске сала кетсек, Orda.kz атышулы Дарын Мүбаровқа қатысты құзырлы орган қызметкерінің пікірі мен мүфтияттың мәлімдемесін жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық